5 санына көбейту және бөлу. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2020

5 санына көбейту және бөлу.

5 санына көбейту және бөлу.
 Сабақтың мақсаты:
 Білімділігі: 5-ке көбейту және бөлу кестесін жүйелеу, жетілдіру,тереңдету және тиянақтау,бекіту.
 Дамытушылығы: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, шығармашылық белсенділігін дамыту. Ауызша санау, көбейту, бөлу дағдыларын қалыптастыру.
 Тәрбиелігі: оқытудың өмірімен байланасын нығайту, шыдамдылыққа,
 сауаттылыққа ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз
 бетінше жұмыс жасауға төселдіру.
 Түрі: аралас сабақ
 Типі: білім, білік дағдыларын тиянактау, жүйелеу.
 Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынасын ашу, жеке топтық жұмыстар.
 Көрнектілігі: 5-ке көбейту және бөлу кестесі, «Электрондық оқулық», «Кім
 жылдам?» ойыны.
 Пәнаралық байланыс: ана тілі
 Оқушынын танымдық әрекеті: бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, 5-ке көбейту,бөлу кестесін толық меңгерту.
 Мүғалімнің танымдық әрекеті: көбейту,бөлу кестелерін өту арқылы оқушының
 логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
 Сабақтың барысы:
 І.Ұйымдастыру кезеңі
 а) оқушыларды сабаққа дайындау.
 ә) оқушыларды топқа бөлу.
 
II. Үй тапсырмасын тексеріп бақылау.
 а) математикалық диктант
 5x2= 
7x2= 3x9= 6x5= 40:5=
 4x3= 
9x2= 4x5= 8x5= 35:5=
 III. Жаңа сабақ. Оқушылар қызығушылығын ояту.
 Көбейту дегеніміз не?
 Бірдей қосылғыштарды қосуды көбейту дейміз. 5 санына байланысты сөздер:
 «Ой толғау әдісі»
 1)5 нәрсеге асық бол
 2)5 нәрседен қашық бол
 3)5 парыз
 4)5 арыс
 5)5 қару
 6) көбейту амалдардың компоненттерін ата. 

ІҮ.Топтастыру әдісі.
 5x6=30  30:6=5    30:5=6      6x5=30.
 Анықтаманы тұжырымдаймыз. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда екінші көбейткіш шығады. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады. Егер бөлгішті бөліндінің мэніне көбейтсе, онда бөлінгіш шығады.
 V. Оқулықпен жұмыс

Жұптық жұмыс 

№1 жауаптарын өсу ретімен орналастыру
 
 



№2 талқылау, өз ойын айту.

Сырымның әрбір секіруінде 5 бірлік бар.Екі, үш секіруінде неше бірлік бар?



VII «Ой қозғау».

Берілген сандарды: 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50.
 5 - ке кеміт: 5 - есе кеміт: 5- ке арттыр.
 Логикалық сұрақтар: 

№5 мысал. «Зерттеу» әдісі.
 

 
 

Қорытындылау: 

Біз нені үйрендік? (кестемен жұмыс)
 Үйге тапсырма.
 
Бағалау.