«Lesson Study» - сабақты зерттеудің өзекті формасы» тақырыбында семинар өтті. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
» » » «Lesson Study» - сабақты зерттеудің өзекті формасы» тақырыбында семинар өтті.
24
январь
2024

«Lesson Study» - сабақты зерттеудің өзекті формасы» тақырыбында семинар өтті.

«Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»  отдела образования Кербулакского районанде 24 қаңтар күні жетекші және серіктес мектептер арасында «Lesson Study» - сабақты зерттеудің өзекті формасы» тақырыбында аудандық тәжірибиелі  семинар болып өтті.
Сабақтың зерттеу тақырыбы: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда деңгейлік тапсырмалардың рөлі.
Мақсаты: Сабақ үдерісінде деңгейлік тапсырмалар ұйымдастыра отырып, оқушының дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
-Бірлескен топтық жұмыс жасату                                                                                          
 -Алған білімін өмірде қолдануға үйрету                                                                                 
 -А,В,С деңгейлі оқушыларға бірлескен оқуды қолдану арқылы зерттеу жүргізу.

Күтілетін нәтиже:
-Мұғалім мен оқушы тиісті кері байланыс жасайды.                                                          
–Оқушы өзін-өзі әділ бағалайды.                                                                                          
–Топтық, жеке жұмыстың маңыздылығын түсінеді.
Семинар бағдарламасы бойынша келген мұғалімдер тіркеліп,Фойеде әдістемелік көрмені, АКТ залында концерттік бағдарламаны тамашалады.

Семинар барысында төмендегідей іс-шара жүргізілді:
Зерттеу сабақтары бойынша 8 сыныпта география пәнінен «»Халық санағы» тақырыбында Ұ. Қошқарова ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында бақылаушы топ мүшелері А, В, С деңгейіндегі оқушыларға кері байланыс бере отырып, ұсыныстарын айтты. В деңгейіндегі оқушылардың тапсырмаларды орындау барысы жоғары болғандықтан А деңгейлі оқушыға жетуге  мүмкіндігі айтылды.

5 сыныпта математика пәнінен «Ондық бөлшектерді оқу және жазу»тақырыбында А. Байтуякова ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында сабаққа енген мұғалімдер сабақтың өтілу үдерісіне кері байланыс орнатты. Таңдалған әдістер тиімді қолданылғанын айтты. Көрнекі ресурстар мен АКТ оқушылардың тақырыпты меңгеруіне көмегін тигізгенін атап өтті. Бақылаушы топ мүшелері нысанға алған оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындау барысын талдады. Айтылым дағдысы оқушыларда қалыптаса бастағаны байқалды. С деңгейіндегі оқушыларға үлгі түрінде берілген тапсырмаларды орындауға бағыттау қажет екенін ұсынды.

7-сыныпта ағылшын тілі пәнінен «Wizz kids»тақырыбында Ю. Давлятова ашық сабақ өтті.
Сабақты өту барысында зерттеудің негізгі мақсатына айналған төрт(айтылым,оқылым,жазылым,тыңдалым)дағдылар көрініс тапты. А, В, С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары, белсенділіктері жоғары деңгейде болды.

3-сыныпта жаратылыстану пәні бойынша «Жер қабықтары қалай орналасқан» тақырыбында С. Амирова ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында тақырыпты меңгертуге бағытталған әдіс-тәсілдер тиімді таңдалғаны айтылды. Тәжірибелік жұмыстар жасалынып, өмірлік жағдаяттарға байланысты тапсырмалар орындады. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті.

4-сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша «Адамзаттың табиғатқа бейімделуі» тақырыбында Ш. Примкулова ашық сабақ өтті.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Спанова Ш сабақтың құрылымы өте жақсы құрылғанын, тақырыпты меңгеруге бағытталған ресурстар дұрыс таңдалғанын ерекше атап өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі жоғары екенін айтты.

     Қорытындылай келе, зерттеу сыныптарының сабақтары семинар  тақырыбы аясында өткенін, күтілетін нәтижеге жеткенін, алдағы жұмыста білім сапасын көтеру жұмыстары алға жылжуына тілектес екенін білдірді.                                                                      
Мақтаарал Ауданы Білім Бөлімі





и ещё 28