Семинар Мәлімет
№22 Қ.Аманжолов жом Семинар туралы мәлімет.
Қ.Аманжолов атындағы 22 жалпы орта мектебінде кәсіби қоғамдастығының жұмысы бойынша «Оқу үдерісінде іс-әрекеттерді зерттеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты:
Қалыптастырушы бағалауды және топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың ішкі уәжін дамыту.
Семинар барысында:
LESSON STUDY-Зерттеу сабағын жоспарлау нәтижесін қадағалау.
Мұғалім мен оқушы , мұғалім мен мұғалім сұхбаты.
Талқылау:
а)бақылаудағы оқушыларды қадағалау және айырмашылықтарды анықтау.
ә)сыныптың тұтастай оқытылуы
б)зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі
в)келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу
Топпен бірлескен келесі L.S. сабағын жоспарлау.
Семинар барысында оқушылардың және мұғалімдердің
« Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқу мен оқыту үдерісін дамыту» атты ғылыми шығармашылық көрме және әдістемелік бұрыш ұйымдастырылды.
Зерттеу сабақтары барысында, мұғалімдер жүйелі сабақтар жүргізе білді. АВС деңгейіндегі оқушылар бірін - бірі қолдай отырып, жоғары деңгейге бірлесе жету нәтижелі сабақ өтуіне жүйелі түрде қатысып белсенділік білдірді. Зерттеу сыныбындағы кей бір А В деңгейіндегі оқушылар, Болашақтары айқын оқушылар екендігін дәлелдеп бергендей әсер қалдырды.
Мектебімізде ұйымдастырылған семинарда зерттеу сабақтарын өткен мұғалімдер,
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, Арыстанова А. 7-сыныпқа Т. Әбдіковтың " Қонақтар" атты тақырыпта.
Бастауыш сынып мұғалімі Қылышжанова Н.
3 «А» сыныбына математика пәнінен «Үш амалмен орындалатын есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Математика пәні мұғалімі Бермағанбетова Г.
6 "А" сыныбына "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу" тақырыбында өтті.
Ағылшын тілі сабағы 5 "А" сыныбына, Торайғыров жом мектеп мұғалімі, Исмаилова Гүлзия кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында
"Holiday activities " тақырыбында десант сабақ ұйымдастырып өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі, Примкулова Р. "Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқу мен оқыту үдерісін жақсарту " тақырыбында Каучинг сабақ өтті. Кәсіби қоғамдастық топ мүшелерімен бірлесіп АВС деңгейіндегі оқушылармен жұмыс жасау барысын жандандырып, оқушылардың қабілетін жан – жақты аша білетін деңгейлік тапсырмалар арқылы коучингтың мақсаты ашылды.Преподаватели сабағында әдіс – тәсілдер кеңінен пайдаланылып, АВС деңгейіндегі оқушылардың іс – әрекеттері зерттелді. Сабақтар қызықты әрі тартымды өтті және көпшіліктің көңілінен шығып, әріптестеріміз жағымды пікірлерін білдірді. Мұғалім сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында тапсырмаларды тез әрі тиянақты орындауларын қадағалап, әрбір іс – әрекеті өз деңгейінде болды. 7-сынып Қазақ әдебиеті және 3 "А" сыныбындағы математика сабақтарында ерекше әдістерімен қызықты өтілді.
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ш.Спанова мен қоғамдастық мектептер тренері Тутымова Баян Карибаевна сөзге шығып, аталмыш семинарды қорытындылады. Сөз барысында семинардың жаңашылдығы, тиімді тұстары, әрбір жасалған іс – әрекет бағаланды. Әрбір сабақ жоғары деңгейде өткендігі және мұғалімдеріміздің өз сабақтарын заман талабына сай жаңашылдықпен шебер ұштастыра білу қабілеттерін атап өтті.
Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектеп директоры Д.Әбдіғали мырза «Оқу үдерісінде іс-әрекетті зерттеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру » тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу семинарында сабақ өткен және шығармашылық қабілеттерін көрсете білген мұғалімдерімізге ыстық ықыласын білдірді.