Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
» » » Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама.
03
февраль
2020

Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы
 «Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі»
 Оқу ісі меңгерушісі: Максутова Зауре Бектасовна




Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама.

       «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білу, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамту, оны оқушыға жеткізу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарынды

лығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну -  өмір талабы. Ал оның негізі  бастауышта қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Жаңартылған білім беру бағдарламасының  маңызды-

лығы да осында.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұраны

сын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. 

      Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. 

          Менің бірнеше жылдық тәжірибемнен байқағаным, бастауыш сыныптың балалары барынша жақсы оқуға тырысады.Алайда уақыт өте келе, олардың оқуға деген қызығушылығын жоғалтып жатады.

Бұған себеп, әрине, сабақтың  бір сарында өтілуі, мұғалімнің көп сөйлеуі, оқушының ынтамен әрекет етпеуі, оқушының қажеттілігін ескермеу, әділ баға қойылмауы,т.б. Ал, жаңартылған білім беру бағдарламасы оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты, маңызды етіп ұйымдастыруды талап етеді. Өздерінің алдыңғы білімі мен жаңа білімдерін ұштастырып, үйренген дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде, шынайы өмірден алған жағдаяттармен байланысты тапсырмаларды орындауда оқуға деген ынтасы артады.Олар мұғалім тарапынан мүмкіндік берілгенін қалайды және қуана атсалысады, терең ойларын білдіріп, салмақты пікір білдіре алады.

    Бастауыш сынып оқушыларынан жақсы нәтиже күтіп, оқушының жобасына құрметпен қарай отырып, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды, кері байланыс жасауды пайдаланған дұрыс. Мұғалім мен оқушы арасындағы бұл ынтымақтастық сабақ жүргізудің анағұрлым табысты, сенімді тәсілі. Оқушының мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы, мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты.

       Соңғы кезде оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген пікірлер көптеп айтылуда.Сондықтанда  оқушылардың бойында маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдыларын: оқылым,жазылым,айтылым мен тыңдалымды  барынша жетілдіруге мүмкіндік беру қажет.Осы аталған 4 дағды қалыптасқан жағдайда оқушы: 

-сын тұрғысынан ойлай алады;

-үйренген білімін шығармашылық тұрғыда қолдана біледі;

-проблемаларды шешу қабілеті дамиды;

-жеке, жұптық,топтық жұмыс істеуді біледі;

-ғылыми-зерттеу дағдылары артады;

-АКТ саласында дағды қалыптасады;

      Жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыруда тиімді оқыту және оқу тәсілдерін дұрыс жоспарлау көп ізденісті талап етеді. Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген болатын.Сондықтан да мектебімізде орыс тілі, ағылшын тіліне пәндерінің өтілуіне ерекше көңіл бөлінеді.Балаларымыз бұл пәндерге қызыға қатысады.Оқушылар үшін үйірмелер де ашылған.

Ұстаздарымыз жас болса да білімді, білікті мамандар. 


     Мектебімізде оқушының білім сапасын көтеруде бастауыш сынып 

пен жоғарғы сынып арасында байланыс жақсы жолға қойылған.

Жұмыс барысы жоспарлы түрде өтеді.Ұстаздарымыз үнемі ізденіс үстінде,өз білімдерін жетілдіріп отырады.Өздері де оқушыларымыз да тек оқулықпен шектеліп қоймай Республикалық, облыстық, аудан

дық түрлі байқаулар мен   сайыстарға,қашықтық олимпиадаларға қатысып 1,2, дәрежелі дипломдар мен алғыс хаттар, мақтау қағаздарына  ие болуда.Мұның өзі мектебіміз үшін үлкен жетістік. 



Қорыта айтқанда қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуы,ізденуі тоқтасымен оның мұғалімдігі де жойылады» демекші, білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзіреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге қол жеткізе аламыз.