1-қыркүйек -Білім күні! » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-қыркүйек -Білім күні!
01
сентябрь
2022

1-қыркүйек -Білім күні!

Қ. Аманжолов атындағы N 22 жалпы орта мектебінде 1 қыркүйекке арналған "Сыңғырла, алғашқы қоңырау" атты алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. 
1-қыркүйек -Білім күні! Барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Салтанатты мерекеге Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту білім бөлімінің әдіскері Т.Қыдырбаева мен Жаңа жол ауыл әкімшілігінің маманы Ғ.Көбегенов қонаққа шақырылды. Мектеп директорының м.у.а Б.Еркинова салтанатты жиында 1-қыркүйек -білім күнімен құттықтап, жаңадан мектепке келген 1-сынып оқушыларына оқуда озат, мектепте тәрбиелі, ата-аналарының үмітін ақтайтын азамат болуына тілек білдірді.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. 
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!






https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid021Ayxc6xeDK9wBwgnSwJ5sgbk3c6Wzk34PP4BHy75Gk1y9qX9c1VC6DSESKwPNySXl&id=100024206872118 

Похожие публикации:

29 апрель 2018 Ашық сабақ