Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі
22
март
2021

Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен" Жаңа жол жалпы орта мектебінде" "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі " тақырыбында Қ.Аманжолов, Нұрлы жол, С.Датұлы атындағы жалпы орта мектеп оқушыларымен семинар-тренинг өткізілді. Семинарға ауданымыздың әжелер алқасының төрайымы Құрбанбаева Шағзада апайымыз, АББ-нің әдіскері Тынысбай Бағила апайымыз қатысты. Атам қазақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Шарананы құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына дарытқан. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі – бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелеген. Демек, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін де, өмірге әкелетін – ана. Сол себепті қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық үйден тыю» дей отырып, еркелетіп, ибалы, инабатты, тәрбиелі, ар-намысын алдыңғы орынға қоятын ару етіп өсірген. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі ана болған. «Есті қыз етегін жабады» деп, ұзын көйлек кигізіп, қыздың талшыбықтай бұралған сырт-келбетін сұқ көздерден сақтаған. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс-тұрысына, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігіне, үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып отырған -деп Шағзада апайымыз қыздарымызға қазақ қызының ибалы, ұяң болу керектігін айтып өтті.Ата бабаларымыз қыз балаларамыз, апа- сіңлілерімізге тәлім -тәрбие беру ісінде асыл дініміздің маржан сөздерін арқау еткені белгілі. Еліміздің ертеңі осы асыл аналарымыз бен әпкелеріміздің қолында екені анық. Сондықтан жастарға тәрбие беруде дәстүрдің озығы мен тозығы бар демекші заман талабына сай озық тұстарын ұтымды пайдалану керек деп өз сөзін АББ әдіскері Тынысбай Бағила апай түйіндеді. Өргебас ауылының мектеп медбикесі Р.Рыспанбетова қызбалалардың жеке бас гигиенасы мен ерте жүктіліктің қауіп қатерлігін егжей-тегжейлі түсіндірді.