"Жастар премиясы - 2022" » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
декабрь
2022

"Жастар премиясы - 2022"

2023 жыл - қоян жылы кіріп келуіне санаулы сағаттар қалғанда Мырзакент кентінің орталық алаңында жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты кеш болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков барша мақтааралдықтарды жаңа жылмен құттықтады. 
Сонымен қатар, "Тәуелсіздік ұрпағы - жыл көшбасшылары" атты ауданның жыл үздіктерін анықтау мақсатында өткен "Жастар премиясы - 2022" байқауында жеңіске жеткен әртүрлі саланың үздік қызметкерлеріне аудан әкімінің арнайы дипломы мен сыйлықтарын табыстады. «Жылдың үздік жас мұғалімі – 2022» премиясын біздің мектебіміздің жас маманы Мадина Ержігітова  жеңіп алды. Жас маманымыз Мадина жұмысқа орналасқанына небәрі 1 жыл болғандығына қарамай, жұмысқа қабылданғаннан бастап оқушыларға  жақсы білім мен тәрбие беруде және шығармашылықтарын шыңдауға сайыстар мен дебат білімділік байқауларын ұйымдастырып  жас маман ретінде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасында, республикалық «BILGEN» пәндік олимпиадаларында жетістіктерге жетіп, республикалық «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасында 2 шәкірті жеңімпаз болды. Сонымен қатар "Мақтаарал" және Бекет Газеті   аудандық – республикалық газетке мақалалары жарияланды. 2022 – жылы «Жаңа мектеп – жаңа ұстаз» аудандық жас мамандар байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сондай – ақ басқа да байқаулардан сертифика, диплом, алғыс хаттары бар. Және 2022 жылы аудан әкімі Бақыт Асанов тан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау хатын алғандығын мақтанышпен айта аламыз.
Жас маманымыз Мәдинаға алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жетіп озат ұстаз атануына тілектеспіз. Сондай-ақ оқушыларға жақсы білім мен тәрбие беріп, білімді де білікті оқушылар тәрбиелеуіне сенім артамыз.