Lesson Study зерттеуін жүргізу » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Lesson Study зерттеуін жүргізу
24
январь
2024

Lesson Study зерттеуін жүргізу

Мақтаарал Ауданы Білім Бөлімі

28 мин.  · 


Lesson Study зерттеуін жүргізу
       Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің базасында 2024 жылдың 24 қаңтар күні жетекші және серіктес мектептер арасында «Lesson Study» - сабақты зерттеудің өзекті формасы» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген көзқарас өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұру жаңашыл мұғалімнің негізгі міндеті. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі, сондықтан бұл мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар. Білім сапасы – басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атасақ, бірі - білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілі. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыру.
       Білім беру ұйымында Lesson Study өткізу барысында топта жұмыс істейтін мұғалімдер зерттеу тобына біріккен. Зерттеу сабақтары бойынша 8 сыныпта география пәнінен «Халық санағы» тақырыбында Ұ.Қошқарова, 5 сыныпта математика пәнінен «Ондық бөлшектерді оқу және жазу»тақырыбында А. Байтуякова,7-сыныпта ағылшын тілі пәнінен «Wizz kids» тақырыбында Ю.Давлятова ашық сабақ өтті. Сабақты өту барысында зерттеудің негізгі мақсатына айналған төрт (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым) дағдыларын жетілдіруге басымдық берілді. 3-сыныпта жаратылыстану пәні бойынша «Жер қабықтары қалай орналасқан» тақырыбында С.Амирова, 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша «Адамзаттың табиғатқа бейімделуі» тақырыбында Ш.Примкулова ашық сабақ өтті. 
       Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім-сапасының артуын бақылау, оқу сауаттылығын қалыптастыруда Lesson study ең тиімді тәсіл болып табылады.