МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "Қ.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ √22 ЖББМ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2023 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "Қ.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ √22 ЖББМ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2023 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
26
декабрь
2023

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "Қ.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ √22 ЖББМ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2023 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "Қ.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ √22 ЖББМ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2023 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
Мектебімізде жыл басынан  1-11 сыныптарда  267 оқушы білім алады. 
Мадс - да 15 оқушы тәрбиеленіп келеді.
Мектеп екі ауысымда оқиды.
Жалпы қызметкерлер саны 87. Оның 47 - сі педагог, 40 -ы техперсонал.
   Педагогтардың санаты бойынша:
Педагог- модератор: 6
Педагог - сарапшы: 10
Педагог-зерттеуші: 16
Педагог- шебер:0
Қалғаны: санатсыз.
Мектеп директоры: Гулбану Жумабекова 
35  педагог кадрлар  біліктілігін арттыру курсынан өтті. Оның 18-1 ПШО, 17-і  "Өрлеу" біліктілік арттыру курсы бойынша  сертификатталған.
  Биылғы оқу жылында мектебіміз N4 С. Рахимов ЖББМ жетекші мектеппен серіктестік мектептермен жұмыс жүргізуде.
  "Оқушылардың білім сапасын көтеруде, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтауды жүйелі ұйымдастыру" мақсатында әдістемелік кеңестің жоспары бойынша әр тоқсанда мектепішілік семинарлар, ашық есіктер ұйымдастырылған.
Қазан айында "Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы" тақырыбында бастауыш сыныптар  аралығында  мектепішілік  семинар өтілді.
Желтоқсан айында 5-7 сыныптарда  "Оқу үдерісінде кері байланыс жүргізудің маңыздылығы және түрлері" тақырыбында семинар өтілді.
Семинарға ата аналар да қатыстырылды.
Семинарда ӘБ жетекшілері, шығармашылық топ мүшелері  бірлесе жұмыс жүргізді.
Ашық сабақтар, байқаулар, оқушылардың  ғылыми жұмысы, концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды.
Әдістемелік кеңестің жоспарына сәйкес  әр айда пәндік он күндіктер ұйымдастыру жоспарланған . Мақсаты: " Оқушылардың танымдық, шығармашылық ойлау әрекетін қалыптастыру жолындағы оқу-тәрбие үдерісін сапалы ұйымдастыру".
"Жас ғалым" оқушылардың ғылыми қоғамы жыл басында жоспар құрылып,  бекітілген. 1 жартыжылдықта ғылыми қоғамның 4 отырысы болды. Ғылыми қоғамға 4-11 сыныптар аралығында 12 оқушы мен ғылыми жетекшілері мүше. "Дарын" оқушылардың ғылыми жобасының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Бөрібай Жасұлан, жетекшісі биология пәні мұғалімі Амантаев Алихан 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 
"Зерде" оқушылардың кіші ғылыми жобасының аудандық кезеңінде 4 - сынып оқушысы Түрекешова Аяулым, жетекшісі Таюбергенова Рабиға 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Жалпы оқушылардың ғылыми қоғамында биология, география, жаратылыстану, тарих, орыс тілі пәндері бойынша жобалар дайындалуда.
Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы мақсатта 2020 жылдан бері мектебімізде үздіксіз шығармашылық топ жұмыс істеп келеді. Шығармашылық топтың басты мақсаты сабақтағы іс-әрекеттерді және сабақты зерттеу. Яғни сыныптағы оқушылардың білім деңгейін зерттеу болып табылады. Алғашқы жылдары сабақты зерттеуде тек А,В,С деңгейлі таңдалған оқушыларды зерттеуді бастаған болатынбыз. Ал қазіргі таңда толық сыныптағы оқушыларды зерттеп, оқушылардың білім сапасын арттыруға көп үлес қосуда. Серіктес мектептермен тығыз байланыс орната отырып семинарлар ұйымдастырылуда. Биылғы жаңа оқу жылында шығармашылық топ мүшелері Lesson Study  бойынша жылдық жоспар құрып бекітті. Мақсатымыз оқушылардың функционалдық сауатталығын арттыру. Шығармашылық топ мүшелері арнайы сауалнама әзірлеп 5-9 сыныптардан даярланған сауалнама толық алынды. Сол сауалнама талданып, қорытындысы бойынша зерттеу сыныптарды, сабақ өтетін пәнді және пән мұғалімдері анықталды. Зерттеу сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен отырыс өткізіліп, тізбектелген сабақтар, қысқа мерзімді жоспарлауды, деңгейлік тапсырмаларды құрыстыру бойынша мектебіміздің тренері, бірінші деңгейлі мұғалім Сапаров Канат ағай коучинг өткізді. Шығармашылық топ мүшелері зерттелетін сыныптарға сабақтарға еніп, оқушылар үнін тыңдап жан-жақты жұмыстарды алып баруда. Шығармашылық топ мүшелері жан-жақты өздігінен білімдерін жетілдіріп, өңірлік, аймақтық, облыстық семинарларға қатысып жаңалықтармен бөлісіп отырады. 2023-2024 оқу жылы мектебімізде сабақтағы іс-әрекетті зерттеу бойынша өңірлік семинар өткізу жоспарлануда.
Бастауыш сыныптар бойынша 3-қараша күні мұғалімдер арасында өткізілген Алтын тұғыр математикалық Олимпиадасынан бастауыш сынып мұғалімі Примкулова Шарипа апайымыз аудандық кезеңінен l дәрежелі дипломмен марапатталып облыстық кезеңге жолдама алды.
Аудандық мұғалімдер арасында өткізілген бастауыш сынып пән Олимпиадасынан Ақназарова Элмира  lll -орынмен марапатталды.
" Үздік авторлық бағдарлама" аудандық кезеңінен ll-орынмен Амирова Саулагүл апайымыз марапатталды.
Оқушылар арасында математикадан "Алтын сақа" олимпиадасынан
3а сынып оқушысы Лесбай Нұрасыл оқушымыз l- дәрежелі дипломмен марапатталып облыстық кезеңге жолдама алды. 4 а- сынып оқушысы Бурибаева Каусар оқушымыз "Алтын сақа " математикалық Олимпиадасынан ll- дәрежелі дипломмен марапатталды.
Зерде республикалық конкурсының аудандық кезеңінен 4-сынып оқушысы Турекеш Аяулым оқушымыз lll -дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Өнерлі ұстаз 2023 "байқауынан бастауыш сынып мұғалімі Алмұратова Жадыра апайымыз lll- дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жыл басында ағылшын орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі 5 адамнан құрылды.Қамбарбеков Арман ағылшын пәнінен біліктілігін арттыруға ПШО   Шымкент қаласына "Мектептегі ағылшын тілі сабағы:басымдықтар және жетілдіру стратегиялары"  курсын оқып келді.
Орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша облыстан СМАРТ САБАҚ 2023  байқауынан
 ІІ дәрежелі Диплом
 СМАРТ САБАҚ-2023
Рыспанбетова Ж мараппаталды.
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы 2023ж.
Алғыс Хат Қамбарбеков А мараппаталды.  
Аудан көлемінде "ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ" атты байқаудан 
ІІ дәрежелі Диплом мен
Манахова З
мараппаталды .
 "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар аудандық байқауының "Су көлік саласындағы техникалық құрастыру " номинациясының жеңімпаздары ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды 9- сынып оқушылары  Шаншар Адият, Молдакадыр Саян жетекшісі: Мамадалиева Айпарша Мадихановна.
    2023-2024 оқу жылының қараша-желтоқсан айларында «Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының» ұйымдастыруымен математикалық олимпиададан «Алтын сақа» 3-4 сыныптар, 5-6 сыныптар,  «Алтын түлек» 10-11 сыныптар, «Алтын тұғыр»  бойынша бастауыш сынып  пән мұғалімдері арасында өңірлік кезеңнен  мектебімізден мұғалімдер мен шәкірттеріміз жүлделі орынға ие болды. 
        Атап айтқанда,  3-сынып оқушысы Лесбай Нұрасыл І орын, 4-сынып оқушысы Бурибаева Каусар ІІ орын, Абай Ерқанат І орын иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Примкулова Шарипа І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Облыстық кезеңге Лесбай Нұрасыл және Абай Ерқанат, бастауыш сынып мұғалімі Примкулова Шарипа  жолдама алды.
Мектебімізде 14.12.2023ж. күні
1.Ұлттық құндылықтар бұрышы.
2. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
3. Әкелер аллеясының ашылу салтанаты болып өтті.  Аудандық әкелер кеңесінің төраға орынбасары,  Раушанов Қалау.
Аудандық әжелер алқасының төрайымы, Құрбанбаева Шахзада апай.
Мақтаарал Ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет адіскері, Е.Бектурсынов.
Мектеп директорлары және ДТІЖО- қатысуымен мектебімізде, Жаңа жол ауыл округы бойынша семинар болып өтті.
Мақсаты: 
-Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігімізбен ұлттық құндылықтарымызды сақтау-қымбат қазына екенін ұғыну.
-Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым -қатынасын күшейту, сондай -ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
-Бала тәрбиесіндегі,  Әкенің рөлі маңызды екенін ұғындыру.
Қыркүйек айында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымымен өткізілген іс шаралар.
 «Жас ұлан» ұйымының «Руханият» бағыты балаларымен 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған  салтанатты жиынын өткізуге атсалысты. 
«Отан» бағыты бойынша Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында сейсмикалық жаттығу жасалында. АӘД мұғалімі және мектеп мейірбикесі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
«Еңбек» бағыты бойынша «Білімді болуға-оқу, бай болуға кәсіп керек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кәсіп, еңбек, байлық, адамгершілік тақырыптары талқыланып, өз ойларын жеткізді.
«Экоәлем» бағыты бойынша «Таза табиғат» тақырыбында сенбілік өткізілді. Ерікті оқушылар мектеп ауласын және ауыл көшелерін қоқыстан тазартты. 
«Жеті жарғы» бағыты бойынша жолда жүру ережесі бойынша «Абайлаңыз балақай!» тақырыбындағы тәрбие сағаттарын өткізуге көмектесті.
«Салауат» бағыты бойынша «Дені саудың жаны сау» таңертеңгілік жаттығу ұйымдастырылды. Және бірінші тоқсан бой толық сергіту жаттығуы жасалынып отырды. 
«Зерде» бағыты бойынша балалармен бірлесе отырып, олардың идеяларын ескере отырып « Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспармен таныстырылды.  
Қазан айында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымымен өткізілген іс шаралар.
 «Жас ұлан» ұйымының «Руханият» бағыты балаларымен 1қазан - Қарттар күніне арналған «Қарттар асыл қазынам» тақырыбында мерекелік ікеш болып өтті. 
«Отан»,  «Жеті жарғы» бағыты бойынша «Жас ұлан» «Жас қыран» ұйымының жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында отырыс болып өтті. «Жас ұлан» ұйымының мүшелерімен таныстырылды.  Жас ұландықтандықтардың жыл бойына атқарылатын жұмыстарына шолу жасалынды.
«Еңбек» бағыты бойынша «Алтын күз» мерекесі аталынып өткізілді. 8-10 сыныптар арасында байқау ұйымдастырылды. 
 «Экоәлем» бағыты бойынша «Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында көрме болып өтті. Көрмені «Шебер қолдар» үйірмесі жетекшісі ұйымдастырды. Күзгі өнімдерді пайдалана отырып жасаған бұйымдарымен таныстырды.
 «Салауат» бағыты бойынша «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында мейірбикемен бірге ұлдар қыздар жиналысы өткізілді.  Сондай ақ психопрофилкатикалық жұмыстар жүргізілді.
«Зерде» бағыты бойынша «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» тақырыбында іс шара ұйымдастырылды. Ардагер ұстаздарымызбен кездесу болып өтті. Ардагер ұстаздарымыз балаларға және жас мамандарға өздерінің ақыл кеңестерін айтты.
Қараша айында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымымен өткізілген іс шаралар.
 «Жас ұлан» ұйымының «Руханият»,  «Отан», «Еңбек»,  «Жеті жарғы» және «Зерде»  бағыттары бойынша балаларымен «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді», «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыптарында пікірталас, дөңгелек үстел болып өтті. Оқушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Бұл іс шараға 8-11 сыныптар арасындағы ерікті оқушылар қатысты. Ортада өз ойларын ашық білдіруге бағытталған іс шара қызықты әрі тартысты өтті.
«Экоәлем» және  «Салауат» бағыттары бойынша ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында «Асық ату» ойыны және «Бес табан» ойындары ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды, салт – дәстүрімізді сақтау және одан әрі жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған ойын өз дәрежесінде өтті.
Ойынның шартын түсіндіру үшін дене шынықтыру мұғалімі Айнабеков Бауыржан оқушылардың әділ ойнауына бақылау жасады. 
Іс шаралар мектебіміздің әлеуметтік парақшасына жарияланды.Желтоқсан айындағы атқарылған іс шаралар. 16- желтоқсан тәуелсіздік күніне орай "Жеңісімді тәуелсіздікке арнаймын" тақырыбында қыздар арасында волейболдан жарыс болып өтті. "Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымыз" тақырыбында парламент мүшелерімен дөңгелек үстел болып өтті. Сондай ақ Тәуелсіздікке 32 жыл тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Тоғыз айдағы тоғыз іс шара жоспары бойынша "Болашаққа хат" атты жоғарғы сынып оқушылар арасында эссе жазылды.
Мектеп Қосымша білім беру педагогы Ж.Абжанованың қыркүйек айында өткізілген іс шаралар тізімі.
«Тіл- ел байлығы»,  «Кітап жан азығы» доңгелек үстел, «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Спорт біздің серігіміз», «Шеберліктің қыр сыры ».
Қазан айындағы өткізілген іс шаралар «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға», «Мен жастарға сенемін», «Мен жарқын болашақты таңдаймын», «Аяулыкүз алтын күз».
Жетістігім: «Ұстаз –қоғам айнасы» аудандық пікірсайыстан «Ең үздік спикер» номинациясы бойынша диплом.
Қараша айының өткізілді «Жас таланттар», «Қарияларға қол ұшын соз» акциясы, «Кітаппен дос бол»,
Желтоқсан айындағы «Тәуелсіздік тұғырым», «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың»дебат. «Тәуелсіздік күніне орай мектепшілік жарыстар».
Жетістігім «Алаштың арда ұлдары » республикалық ғылыми танымдық конференцияға жазған баяндамам қабылданып қорғалды .
«Адал ұрпақ» жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ата – аналар жиналысы болып өтті. Мемлекетімізде статистика бойынша жемқорлық фактілері тіркелгені жайлы, жемқорлықтың елімізде қандай түрлері бар. Оны тоқтату жолдары қандай, тағы басқа мәселелермен бөлісті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дегеніміз – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңында сондай ақ, басқа да заңдарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын, заңда белгілерген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапқа әкеп соқтыратын әрекет деп түсіндіріп өтті.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ
"ЖОЛДА ЖҮРУ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ!
  Мақтаарал аудандық полиция бөлім басшылығымен ұйымдастырылған іс-шара жиыны болып өтті. 
Мактаарал АПБ ӘПБ бастыгы полиция подполковнигі Е. Макешов.
     Мактаарал АПБ ЖПК УПИ полиция майоры Н. Айтжанов.
Мактаарал АПБ ЖПК КТІЖ УПИ полиция майоры Н. Нысанбаев.
     Мактаарал АПБ ЖПК ППТ кызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Е. Бөрібаев.
Мақсаты: Кәмелке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу,болдырмау. Телефоннан ақпараттық технологияны пайдалануда дұрыс қолдану жолдары түсіндірілді. Балаларға ( кафе,ресторан, түнгі ойын сауық алаңдарында жүрмеу!) жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау  жол ережелері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіптік бағдар беру педагогы Алдашева Замираның 2023 оқу жылында атқарған жұмысының есебі.
2023 оқу жылына арналған Кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық,айлық,апталық жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.
Кәсіптік бағдар беру педагогының мақсаты: оқушыларға болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету,өз мүмкіндіктеріне ,қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып,қызмет саласын таңдауға бағыт бағдар беру.Осы мақсаттарға сәйкес жоспар бойынша түрлі іс-шаралар,тренингтер,кәсіби маман иелерімен кездесулер өткізілді.Жоспар бойынша ең бірінші оқушыларға диагностика жасау мақсатында 9-10-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесінде оқушының қандай кәсіпке қызығатыны белгілі болады.Таңдаған мамандықтарының бейіндік пәндерін нақтылау мақсатында «Кәсіптік бағдар беру» стенді жасалынып,ілінді.
20.11.2022ж күні «Мамандығым өмірімнің айнасы» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен пікірлесу сабағы өткізілді. 
Пікірлесу сабағының мақсаты:Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік бере отырып,мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
10-сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандық таңдау-өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау»тақырыбында пікірлесу сабағы өткізілді.
«Маман білгірлері»тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларының қатысуымен кәсіби маман иелерімен кездесу өткізілді.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп директоры Г.Жумабекованың кабинетіне,ауылымыздың медициналық пунктіне саяхаттар жасалды.Түрлі оқу орындары ұйымдастырған онлайн кездесулерге оқушылар қатыстырылып отырды.Оқу жылының соңында республиканың әр өңірінен келген оқу орындарымен кездесулер өткізіліп,оқушылар қатыстырылды.
Нәтижесінде 11-сыныпты бітірген 15 оқушы өздері таңдаған оқу орындарына түсті.9 оқушы грант иегері болса,6 оқушы ақылы бөлімге оқуға түсті.
1 оқушымыз шет елдің грантын ұтып алды.
Қорытындылай келе үнемі оқушыларға мамандық таңдау-өміріңді таңдау екенін ,оған жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындырып отыру керек.
Директордың бейіндік пәндер бойынша орынбасары А.Акназаров
"Мамандық таңдау- менің болашағым" 11-сынып ата-аналармен жиналыс өткізіп, ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Арнайы педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
           1.09-15.09 аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б), оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.
          Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау 
       Арнайы педагогикалық диагностикаға ПМПК қорытындысы бар 3оқушы:
Барлығы 12 оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.
 Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.
 Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді. 
 Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).
ПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 12 оқушыға бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әзірленді. Әр оқушы   бекітілген сабақ кестесі бойынша жекелей аптасына 2 рет келеді. Әр сабақ 06.01.2022 ж №6 бұйрыққа негізделе отырып 45 минут аралығында өтті. Түзету сабақтары сабақтан тыс кезінде өткізіледі.
 Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.
 Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды.   І жарты жылдыққа дейін жүргізілген түзету жұмыстарының нәтижесінде: 
Қыркүйек айының басында ПМПК қорытындысы бар 2 «а» сынып оқушысы  Абай Тілеуғали бейімделген білім беру бағдарламасынан жалпы білім беру бағдарламасына ауыстырылды. 
     2023-2024 оқу жылында 12 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 12 ата-анаға  (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
    2023-2024оқу жылының 06 қыркүйегінде ата-аналардан балалары туралы ақпарат алу мақсатында баяндама оқылды. Ата –аналардан балалары туралы ақпарат алу . 
   2023-20234оқу жылының 08 қыркүйегінде ата- аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметімен таныстыру бойынша өткізілген жұмыс туралы  баяндама оқылды.
   2023-2024 оқу жылының 20 қыркүйегінде ата-аналарға «Өмір бойы есте сақтап қалуы үшін көбейту кестесін балаға қалай үйретуге болады?» тақырыбында баяндама оқылды.
 Сонымен қатар, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытудың арнайы және алтернативті әдістері тиімді қолдану жолдары», «Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктері» тақырыптарында презентациялар жасалып, мұғалімдерге ұсынылды, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетіледі.
Мектептің әлеуметтік педагог жұмысының есебі.
2023 жылдың 1 тамыздан 31 қыркүйек аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу мен ұйымдастырылуы туралы жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Мақсаты: «Мектепке жол» акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету. 8 оқушыға демеушілер тарапынан  136мың теңге көлемінде мектеп формасы, спорттық формалар, аяқ киім, оқу құралдарына көмек көрсетілді. Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында 2023 жылдың 21 тамыз күні білім беру мекемелерінде акцияның ұйымдастырылып өтілуіне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныпта оқитын 2 оқушыға сумка мен оқу құралдары берілді.
Қазақстан Республикасының президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі барлық бастауыш сынып оқушыларын бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен қамтылды. Оқушылардың тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу үшін арнайы коммисия құрылды және күнделікті тамақ ішу кезінде арнайы кезекшілер тағайындалды. Қазіргі таңда мектебімізде 1-4 сынып оқушылары 99 оқушы, 5-11 сынып оқушыларынан АӘК 14 оқушы тамақтануда.
Қазан айында «Ел-бізге аманат қайырымдылық қоры» демеушілік жасауымен мектебімізде    24 қыз балалар үшін күздік мектеп формасына сай келетін классикалық үлгідегі аяқ киім (туфли) үлестірілді, сондай-ақ мектеп мұғалімі Асылбек Қожакулов 5000тг керек жарағына демеушілік жасады.
27.10.2023 жыл күні бір тұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының ата-аналарымен педагогикалық-психологиялық жандандыру жұмыстары ата-аналармен жүргізілді.
Жоспар бойынша «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл» атты тақырыпта әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына жаңа жылдық шырша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жәнеде аудан әкімінің шыршасына әлеуметтік санаттағы оқушыларды қатыстыру жоспарланды.
Мектепте жылу жүйесінің қазандығы 2 қазандық бар.  2023-2024 жылға қатты отын 250тн. Жылу қазандықтары мен пештердің жағдайы қанағаттанарлық. Кабинеттердің жылу градусы 20 с.


Похожие публикации:

05 март 2021 ҰБТ