“Ұстазым менің, ұстазым!”атты челленжд » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Ұстазым менің, ұстазым!”атты челленжд
05
октябрь
2023

“Ұстазым менің, ұстазым!”атты челленжд

Мен “Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектептің “ 10- сынып оқушысы Серікова Жанар Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы М.Серікбаевтің жолдаған “Ұстазым менің, ұстазым!”атты челленжді қабыл алдым. 
   Ұрпақ тәрбиесі жолында толымды еңбек етіп жүрген бірден бір жан – ұстаз. Оқушы деген шамшырақтың шамын өшірмей , лаулатып жүрген сіздерге мың алғыс! 
   Білім көшін жылжытып келе жатқан , Құрметті Аманжолов мектеп ұжымының 
ұстаздар қауымы сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.  Тардай болып алғаш алдарыңызға  келген сәттен бастап ,әрбірімізге білімнің кәусәр бұлағын санамызға сіңіріп , бойымызға дарыттыңыздар. Сіздерден тәрбие алған біз сияқты өскелең ұрпақ – білімді болары сөзсіз. Таудай болған шағымызға дейін біліммен сусындатып , айтар ақылы мен білімі таусылмайтын менің ұстаздарым сіздердің есімдеріңізді қанша ұлықтасақта сіздер үшін артықтық етпейтіні бізге мәлім. Осы білім жолында аянбай еткен еңбектеріңіз еш кетпей , білімді болашақ тәрбилеп отырған мектеп ұжымына айтар алғысым шексіз. 
   Құрметті , ұстаздарым! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.
    Мен үшін тек білім үйретуші ұстаз емес ,өмірлік ұстаз болып келе жатқан , тәлім-тәрбие берген сынып жетекшім Алдашева Замира апайға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сыныптағы әр бір оқушыға өз баласындай қарап , ұстаздық махаббатын аямайтын жан. 
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Мен де мамандық таңдауда Замира апайым сияқты ұстаздық жолды таңдадым. Бұл жолды таңдауыма апайым тікелей себепші болды. 
  Ыбырай Алтынсаринның “Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық , өйткені мұғалім – мектептің жүрегі” , – деген сөзі бар. Замира апай мектептің ғана емес , 10-сыныптың жүрегі дегім келеді.