"ANTIKOR.LIVE" ЖОБАСЫ » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ANTIKOR.LIVE" ЖОБАСЫ
25
февраль
2021

"ANTIKOR.LIVE" ЖОБАСЫ

Саламатсыздарма құрметті ата-аналар, ұстаздар және әлеуметтік желі қолданушылар.
Мен Әбдіғали Дәуренбек Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектеп директоры.
Мен бүгін Сіздерге «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің тапсырмаларына сәйкес онлайн режимде «Антикор лайф» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойына адамдық құндылықтарын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тікелей эфирге шығып отырмын.
Біз мектеп ұжымы, бірлесе отырып Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қараша айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Заңдарын және педагог мәртебесін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуір айындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы № 88 ші заңдарын төмендегіше
орындап келеміз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, біліктi мамандарды мемлекеттік қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға бағытталғанды баршамызға аян.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімдерін арттырады деп білемін.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Өргебас елді мекенінде орналасқан. Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебімізде 289 шәкірт білім мен тәрбие алуда. Биылғы оқу жылында мектеп алды дайындық тобында 26 бала, 1-11 сынып аралығында 264 оқушы тәрбиеленуде. 2020-2021 оқу жылында мектеп алды даярлық тобында 26 бала ата-аналар өтініштері бойынша қабылданса, 1- сыныпқа 26 оқушы mektep.snation парталы арқылы, 1 оқушы ата-ана өтініші арқылы, 10-сыныпқа 24 оқушы ата-ана өтініші бойынша қабылданды.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»-дейді дана қалқымыз.
Балаларға біліммен тәрбие беруде 35 мұғалім жұмыс істейді. Оның барлығы жоғары білімді.
Педагог-зерттеуші санатта бойынша -12 мұғалім.
Педагог-сарапшы -10 мұғалім.
Педагог-модератор біліктілік санатында -3 мұғалім жұмыс істейді.
Мектебімізде 6 жас маман бар. Оларға толық тәлімгерлер бекітілген.
Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік мекемелерде жасалып жатқан жұмыстары жайлы ашықтықты талап еткені бәрімізге мәлім.
Келешек ұрпағымызды адалдыққа, мейірімділікке, шыншыл, намысшыл, адал еңбек етуге, парасаттылыққа тәрбиелеу әрбір ұстаздың парызы. Соның бір айғағы, 9-11 сынып оқушылары «Құқық негіздері» курсы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңдарымен танысып келеді. «Бейнелеу өнері» бойынша төменгі сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқаулары өткізіліп отырады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер біздің мектебімізде де жүзеге асырылуда. Ол дертпен пәрменді күресу мақсатында жасөспірімнің құқықтық сауатсыздығын жою, өз құқығын түсіндіру жұмысын жандандыру үшін сынып жетекшілер тарапынан «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Жақсы деген не, жаман деген не?» атты онлайн тәрбие сағаттары өтіліп, өскелең жас ұрпақты адалдыққа, Отансүйгіштікке баулып, қоғамға пайдалы үлес қосуға тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде «Адал ұрпақ» ұйымын жандандыру мақсатында ұйым жетекшісі «Жемқорлық індет» тақырыбында онлайн сурет байқауы, «Заң және мемлекет», «Бала құқықтары туралы конвенция-адам құқықтары» атты кітап көрмесі, «Ар мен намысқа сай өмір сүр» атты онлайн эссе жазу байқауы ұйымдастырып өткізіліп тұрады. Өткізлген іс-шаралар мектебіміздің фейсбук, инстаграмм парақшаларына жарияланып отырды. Азаматтарды бопсалау, пара алу кезінде қайда жүгінуі керектігін, қажет болған жағдайда мекен-жайлары мен телефондары мектеп дәлізіне ілініп, «Сенім жәшігі» орналастырылған. Мектеп мұғалімдері және кіші қызметкерлерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, осы сала бойынша мекеме қызметкерлері өз сауаттылықтарын одан ары дамыту мақсатында арнайы дайындалған жемқорлыққа қарсы күрес бойынша парақшалар көрсетіліп, таратылды, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықтары жөнінде түсіндіріліп, таныстырылды.
Ел басы, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.
Мектебімізде Мақтаарал аудандық полиция бөлімімен құқық бұзушылықтың алдын алу барысында бірлескен жоспар түзілген.
Сонымен қатар мектебімізде босап қалған бос орындарға педагогтарды қабылдау ENBEK KZ электронды порталы бойынша конкурс жарияланып отырады. Өз мамандықтары бойынша біліктілік тест тапсырып, одан өткен жағдайда конкурстық негізде бос тұрған орынға жіберіледі.
Әлеуметтік жағдайымыз бойынша:
Қ.Аманжолов атындағы № 22 жалпы орта мектебіне басшылық жасағалы əрбір атқарған еңбегім мектептің ата-аналар комитеті төрағасы жəне қамқоршылық кеңесі төрағасының ақылдасуынсызсыз шешілген емес.
Басшы болған соң мақсат керек, сол мақсатты жүйелі түрде жетуге жоспар қажет.
Ата-аналар комитеті төрағасы Шоғаев Бердімұрат ағамыз, қамқоршылық кеңесі төрағасы және алқа мүшесі Биболов Асқар ағаларымызбен, əрдайым байланысқа шығып, мектептегі шешімін таппай жатқан əр ісімізге араласуларына ұсыныс жасап отырамыз. Жастарының үлкендігіне қарамай, кез келген сәтте көмегін беруге даяр тұратындықтарына үлкен алғысымды білдіремін.
2020-2021оқу жылының қыркүйек айынан бастап ақпан айы аралығындағы жүргізілген демеушілер тарапынан жасалған қайырымдылық шаралар жайында мәлімдеме жасап өткенді жөн санадым.
Мектебімізде қазіргі таңда 289 оқушы білім алуда, оқушыларымызға 35 ұстаз сабақ беруде.
Ұстаздарға берілетін сабақ жүктемесі мектебімізде жақсы жолға қойылған, орташа жүктемеміз - 18.8
Оқушыларымыз ата-аналарының өтініші негізінде 1 тоқсан бойы қашықтан оқыды .
Қазіргі таңда 1сыныпта-2, 2сыныпта-24 , 4 сыныпта-24, 9 сыныпта-12, 11 сыныпта-12 оқушы санитарлық талапты сақтай отырып, кезекші сынып бойынша білім алуда. Барлығы-94 оқушы.
Өздеріңізге белгілі 2020 жылдың мамыр айында Өзбекстан республикасының Сардоба су қоймасы жарылып ауылымыз Өргебас елді мекенін су басып, біраз қиындықтар туындаған еді.
Осы тікелей эфирді пайдалана отырып ауылымызға, мектебімізге, ұстаздарымызбен оқушыларымызға қол ұшын созып көмек берген барша қайырымды, адал, өнегелі жандарға және сол кезеңде зардап шеккен мектебіміздің қайта қалпына келтіруге, ауылымыздың қайта гүлденуіне ат салысып апта сайын, әр сенбі күндері жанымызда болған обылыс әкімі Өмірзақ Естайұлына өзімнің және ұжымның атынан шексіз алғысымды білдіремін.
Мектебімізде 2020-2021 оқу жылының басынан толық емес отбасы -12 оқушы, аз қамтамасыз етілген отбасы -28, жартылай жетім -14 оқушы, көп балалы 105 оқушы яғни 34 отбасы, АСП (атаулы көмек алатын) 35 оқушы яғни 15 отбасы тіркелген.
Мектебіміздің асханасының жоқ болуына байланысты 2020 жылы қаңтар, ақпан, наурыз айларында ыстық тамақпен қамтылған 10 оқушыға және АСП алатын 11 оқушыға құрғақтай тамақ, яғни ас өнімдері берілді.
Тамыз айының соңында 2020-2021оқу жылының басталуы алдында Сарыағаш ауданынан "Жәннатул Фирдоуси" қайырымдылық қоры тарапынан қашықтықтан оқуға жағдайы төмен, мүмкіндігі жоқ жетім және жартылай жетім 25 оқушымызға соммасы 1.800.000 мың теңгелік смартфон қайтарымсыз берілді.
Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің төраймы Күлаш Ноғатайқызы Шамшидиноваға өз алғысымызды білдіреміз, мектепке өзі арнай келіп заманауи үлгідегі 18 комплект компьютер мен 289 оқушымызға толық құрамда мектеп формасын сыйлады.
Қараша айының басында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ТОО «QAZCO» тарапынан құны аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 10 оқушыға спорттық киім және спорттық аяқ киім, оқуға мүмкіндігі жоқ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және АСП алатын 21 оқушыға планшеттер берілді.
Қазан айының басында АББ-і тарапынан оқуға мүмкіндігі жоқ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және АСП алатын 21 оқушыға планшеттер, «НЕО» ноутбугтары табысталды.
Әрбір оқушының қашықтан оқуда желіде, байланыста болуын қадағалай отырып, көмек беретін қайырымдылық шаралары оқу жылы соңына дейін жалғасын табады деген үміттеміз.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасаттың биігінен көрінуге тиіспіз.
Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Осы жағдайды ескере отырып менің және ұжымның алдында әлі талай үлкен міндеттер тұр, алдағы уақытта сапалы нәтижеге бірлесіп қол жеткіземіз – деген сенімдемін.

Назар салып тыңдағандарыңызға рақмет.

Facebook желісіндегі сілтемесі:  ​https://www.facebook.com/100062235140653/videos/115761570508347/​​​