МАҚТААРАЛДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАҚТААРАЛДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
22
сентябрь
2023

МАҚТААРАЛДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
 Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. 
 Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Мақтаарал ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Тәрбиелі жастар - қауіпсіз қоғам" атты аудандық жастар форумы болып өтті.
"Мақтаарал" агроколледжінде өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Есімжан Надиров, ауданның прокуроры м.а. Саят Бекмұратов, ауданның "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры ретінде өзім және аудандағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері, аудан жастары мен ұстаздар, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. 
 Еркін форматта өткен форум барысында аудан әкімі Б.Асанов жасөспірімдер, жастар арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа, кемсітушілікке жол бермеу, әлеуметтік желі арқылы буллинг жасамау, адамның қадір-қасиетіне тиіспеу, мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып сапалы білім алу, жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзінің пікірлерін айтып, жастарға ұсыныс тастады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді. 
 Сонымен қатар, мен жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндадым. 
 Форум барысында ұрпақтар сабақтастығы мен ұлт тәрбиесі жайында ардагерлер мен аға ұрпақ сөз сөйлеп, өздерінің өмірлік ақыл-кеңестерін берді.