ҰБТ » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2021

ҰБТ

Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бітіруші сынып қашықтан өткізген ата-аналар жиналысының
Хаттамамасы № 2
15.01.2021 ж.
Қатысқандар: Мектеп директоры – Д.Әбдіғали
ДОІЖО: З.Максутова
ДТІЖО: Г.Жумабекова
Педагог-психолог: Журинбаева А
Сынып жетекші: Калыбаева Н
Ата-аналар: 15
Қаралған мәселе:
1.ҰБТ – ның І жарты жылдық бойынша қорытындысы (З. Максутова )
2.ҰБТ – ға І кезеңіне қатысу туралы (Д.Әбдіғали)

Жиналыс барысында:
1.Тыңдалды:
Қазіргі таңдағы жағдайға байланысты, ата-аналар жиналысы қашықтан ұйымдастырылып жатқандығын және интернет желісінің баяулығын ескере келе ватсап желісінде ДОІЖО З.Максутова күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарты жылдықтағы ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.
«Биылғы оқу жылында жыл басында 11 сыныпта 13 бітіруші, екінші жарты жылдық басында 2 оқушы келіп, оқушы саны 15 болды Қазіргі таңда оның 11-ы ҰБТ –ы тапсыруға өтініш беріп отыр. Оқу жылы басында жоспар түзілген, ҰБТ бұрышы бар, ҰБТ – ға дайындыққа қосымша сабақ кестесі жасалып, уағында жүріп жатыр. Әр аптаның жұма күндері тест алынып, қортындысы пән мұғалімдерімен , оқушылармен сенбі күні бірге талданып, қосымша тапсырмалар тапсырылады. Байқау сынақтарда төменгі шектік 50 балға жетпей жүрген бітірушілерді атасақ, олар: Жалаова М, Түрекешова А, Махамбетқұл М
Сөйледі:
Мектеп директоры Д.Әбдіғали қазіргі оқушылардың ой –өрісі, ізденісі аз екенін қынжыла айтты. Кітапханадан кітап алып оқуға көңіл бөлмейтіндігін айта келе, түрлі әдістемелік, қосымша материалдарды пайдалануға кеңес берді. Мектепке оқуға барлық жағдайлар жасалғанын, шттаттық режимде сынп ашқандығымызды, қайталау сабағы ретінде төменгі сынып оқулықтарынан сұрақ жазылған билеттер ұйымдастырылып, оқушыларды жалпы біліммен қамтып жатқанын да сөз етті. Кейбір ата ананың балаға толық көңіл бөлме жатқандығын да қынжыла айтып өтті. Оқу барысының ІІ жарты жылдығында оқушылар мен пән мұғалімдері Тәжірибе алмасу мақсатында «Нұрлы жол» мектебі ұжымымен кездесуді жоспарлауды ұсынды.
Сөйледі:
Ата- аналар арасынан өз ойын білдірген Арынова А. Мектеп ұжымының біршама жұмыстарын айтып, алғысын білдірді. Қашықтан оқудан, қайта Штаттық режимде оқып жатқандығы балаларға әлде қайда тиімді болғанын да жасырмады. Сондықтан балаларын барынша қадағалап отыратындығын сөз етті..
2.Тыңдалды:
Күн тәртібінде қойылған екінші мәселе бойынша сөз сөйлеуге мектеп директоры Д.Әбдіғали биылғы оқу жылында өткізілетін ҰБТ – дің ережесімен таныстыра келе, . Қаңтар айының 25 күні Бірінші кезеңде болатын ҰБТ – ға мектебімізден 6 оқушы қатысатындығы жөнінде айтып өтті.
Сөйледі:
Сынып жетекші Калыбаева Н. мектеп бітірушілері 25 қаңтар күні Жетісай қаласындағы ҰБТӨП –да (бұрынғы №119 ЖОМ) базасына сағат 08:00 – де сол жерде болу керектігін, Бітірушілер өздерімен бірге керекті құжаттары мен керекті құралдарын алып бару керектігін ескерткенін сөз етті. ( куәлік, рұқсатнама, қаламсап)
Сөйледі:
Педагог-психолог Журинбаева А тестілеуге тыйым салынған заттарды алып бармауға, кіргізуге әрекет жасаған жағдайда акт жасалып, ҰБТ ға кіруге рұқсат етілмейтіні туралы ескертті. Бұл баланың психологиясына кері әсер ететіндігін айта келе, осының алдын алу үшін, ата- аналарға баланың өзімен бірге тиым салынған заттарды апармауын қадағалауын тапсырды.
Сөйледі:
Оқу ісі жөніндегі орынбасар З.Максутова әр оқушыны ата-аналар өздері алып барып, алып қайтатындығын ескертті.

ШЕШІМ:
1.Оқушылардың үй жағдайындағы сабаққа дайындалуына жағдай жасау және сабағын қадағалау ата-аналардың жауапкершілігіне жүктелсін.
23. қаңтар айында өтетін ҰБТ – ке бітіруші 11 сынып оқушыларын ҰБТӨП –ға апарып, әкелу және өмір қауіпсіздігі ата-аналарға жүктелсін.





Жиналыс төрағасы: /Д.Әбдіғали/
Хатшы: /З.Максутова /

Похожие публикации: