Мектеп тарихы » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
14
май
2016

Мектеп тарихы

"Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1. Мектеп тарихы –
Алғашқы білім ордасы 1938 жылы үш жылдық бастауыш мектеп негізінде ашылып мектепке С.М.Киров есімі берілді.
1951 жылы жеті жылдық білім ордасына ұзартылып мектеп есімі В.И.Ленин болып ауыстырылды.
1951-1961 жылдары аралығында мектеп ұжымын Үдербаев Болғанай басқарып, Әлімбет Молдақадыров оқу ісінің меңгерушісі қзыметін атқарды.
1962 жылы мектеп сегіз жылдық білім ордасына ұзартылды. Сол жылы Б.Үдербаев зейнеткерлікке шығып, мектеп директоры болып Ермек Арынов тағайындалды, оқу ісінің меңгерушісі болып Қалтұрсын Сермырзаев бекітілді.1974 жылдан оқу ісінің меңгерушісі болып Мергенов Рахмет атқарды.
1992 жылы А.Арынов зейнеткерлікке шығуына байланысты мектеп директоры болып Қамбарбекова Гүлжан тағайындалды, ал оқу ісінің меңгерушісі болып Өміров Абай бекітілді.
1998 жылы оңтайландыру саясатымен В.И.Ленин атындағы орта мектеп пен «Қазақстан» ауылында орналасқан Т.Рысқұлов атындағы негізгі мектеп біріктірілді. Мектеп директоры болып Өсербай Қыдырбаев , оқу ісінің меңгерушісі болып Қамбарбекова Гүлжан тағайындалды.
1999 жылы мектептер қайта бөлініп мектеп директоры болып Шағдаров Әбдімәлік тағайындалды.
2000 жылы В.И.Ленин атындағы мектеп Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп болып ауыстырылды.
2005 жылы мектеп директоры Шағдаров Әбдімәлік басқа мектепке директор болып кетуіне байланысты мектеп директоры болып Ізтаев Құралбай тағайындалды.
2007 жылы Қ.Ізтаев зейнеткерлікке кетуіне байланысты қазан айынан бастап мектеп директоры болып Ақназаров Ақмұрат тағайындалды.
3. Мектеп мұғалімдері туралы мәлімет –
2014-2015 оқу жылындағы жалпы мектептегі мұғалімдер мен қызметкерлердің саны 63. Соның ішінде сабақ беретін педагог қызметкерлер 39. Жоғары санатты 3(7,6%), бірінші санатты 15(38,4%), екінші санатты 12(30,7%), санатсыз 9(23%) құрайды. Бір мұғалім «ҚР білім үздігі» -мен мараптталған.
Мектебімізде озат педагогикалық тәжірибесі таратылған мұғалімдер: (сурет бойынша оңнан солға қарай бірінші қатар Мақсұтова З., Бердиева Қ., Қамбарбекова К. екінші қатар Донаева З., Тілеумбетова Л., Асилова Н.)
Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

2014-2015 оқу жылында аудандық мұғалімдер арасында пәндік олимпиададан орыс тілі пәні мұғалімі Сыдықова Мадина ІІ орын, химиядан Сүндетова Ұлбосын ІІ орын иеленді. Пірімқұлова Роза облыстық ғылымыи жұмыс бойынша жетекшілік еткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталған. 2013-2014 оқу жылында орыс тілінен Манахова Зейнеп ІІІ орын, физикадан Бердиева Қалбике ІІ орын, қазақ тілінен Қалыбаева Н ІІІ орын иеленді. 2014-2015 оқу жылында химия пәнінің мұғалімі Ұлбосын Сүндетова ІІІ орын, физика пәні мұғалімі Қалбике Бердиева ІІ орын иеленді. Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Қалбике Бердиева «Ұлағатты ұстаз» Республикалық ғылыми журналында ашық сабағы І орын алды.
4. Мектеп оқушылары туралы мәлімет –
2014-2015 оқу жылында мектепте 19 сынып комплектісі бойынша 276 оқушы білім алуда және 2 топта 28 мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері тәрбиеленуде. Оқушылардың жетістіктері бойынша:
2006 жылы оқушылардың ғылыми жұмысы (ОҒҚ) бойынша Сатыбалдиев Бақытжан аудан бойынша І орын, 2008 жылы ОҒҚ бойынша Изенбаев Мейрамбек ІІ орын, 2010 жылы ОҒҚ бойынша Аязбеков Дінмұхамбед алғыс хат, 2011 жылы ОҒҚ бойынша сансызбаева Фариза ІІІ орын, 2012 жылы облыстық ОҒҚ бойынша Тынышбекова Баян І орын, 2013 жылы ОҒҚ бойынша Жалал Әлішер І орын, 2014 жылы ОҒҚ бойынша Тынышбекова Бану ІІ орын иеленген. Енді пәндік олимпидаларға бірнеше оқушылар жүлделі орын иеленіп жүр.
Мектеп тарихы



5. Жылдар бойы мектепті жақсы бітіріп, жетістіктерге қол жеткізген түлектер туралы қысқаша мәлімет -
2006 жылы Қожақұлов Рүстем «Алтын белгі» белгісінің иегері, 2009 жылы Дәбешова Арайлым «Алтын белгі» белгісінің иегері атанды. Сондай-ақ мектептің негізгі курсын үздік куәлікпен бітірген бар. Қазіргі таңда 10-сыныпта оқып жүрген Жалал Ә., Қарабалаева К., Серікова А., Әбсаттарова Н., Тынышбекова Б. Үздік куәлік иегерлері.
6. Мектептің соңғы 3 жылдағы қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша мәлімет -
2012-2013 оқу жылында спорттық сайыста футбол түрінен өңір бойынша І орын иеленіп Кубок жеңіп алды.
2013-2014 оқу жылында аудандық АӘД пәні бойынша семинар өткізіп «жақсы» деп бағаланды.
2014-2015 оқу жылында мектеп толық аттестатциялаудан жоғары деңгейде өтті.[/left]