Біз туралы » Страница 41 » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Интернеттің пайдасы мен зияны"
16
октябрь
2022
"Интернеттің пайдасы мен зияны"
Қ.Аманжолов Жом  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18-22 қазан аралығында  " ЖАҢА ҒАСЫР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ" атты апталық өткізілді. Апталық барысында "Сымсыз желілер"   6"Ә" сыныбында Канат Сапаровтың ашық сабағы, Камшат Куатбаеваның  "Интернеттің пайдасы мен зияны"  9-сынып оқушылар арасында пікірталасты  өткізілді.  Апталықтың мақсат:  Жаңа технология элементтерін қолдана отырып,  оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау
"Жақыныңа жанашыр бол"
14
октябрь
2022
"Жақыныңа жанашыр бол"
 Қ.Аманжолов Жом коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жақыныңа жанашыр бол" тақырыбында індетке қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектебіміздің медбикесі Рыскүл Рыспанбетова оқушыларға індеттің таралып жатқандығы және одан сақ болуымызды, індетті жұқтырып алмаудың жолдарын толық түсіндіріп өтті. Іс шараға барлық мектеп оқушылары қатысты. Түсіндіру барысында медициналық құралдарды пайдалану жолдарын қоса айтылды.  Оқушылар індеттің қауіпті екендігін түсінді. #Балаларжылы #Годдетей
«Санның модулі» тақырыбында 6 «а» сынып оқушыларымен
12
октябрь
2022
«Санның модулі» тақырыбында 6 «а» сынып оқушыларымен
12. 10. 2022 ж Мектебімізде «Санның модулі» тақырыбында 6 «а» сынып оқушыларымен      Гулнур Муса  ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді. Тақырыптың мазмұнын ашуда оқушыларға түрткі болу сұрақтарын қойып, өз бетінше түсіну үшін жағдай жасады. Жеке, жұппен, топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыра білді. Сабаққа қатысқан мұғалімдер өздерінің ұсыныс пен пікірлерін білдіріп, оң бағасын берді.
«Менің болашақ мамандығым»  тақырыбында  тренинг сабақ өтілді.
12
октябрь
2022
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тренинг сабақ өтілді.
Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.10.2022ж күні 11сынып бітірушілерімен мектебіміздің кәсіптік бағдар беруші педагогы Замира Алдашева - ның ұйымдастыруымен   «Менің болашақ мамандығым»  тақырыбында  тренинг сабақ өтілді.  Мақсаты: Бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, үлкен өмірге дұрыс қадам бастыру.  Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік
«Әлем математика тілімен бейнеленген»
10
октябрь
2022
«Әлем математика тілімен бейнеленген»
Мектебімізде 10-14 қазан аралығында 5-11 сынып оқушыларымен бірге математика пәнінен «Әлем математика тілімен бейнеленген»  атты пән  апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар талапқа сай өтті, соның ішінде ашық сабақтар, сыныптан тыс интеллектуалды сайыстар өткізілді.         Апталықтың негізгі мақсаты: Оқушыларға  математика пәнінің маңыздылығын, барлық ғылымның бастауы екендігін,күнделікті өмірмен байланыстылығын түсінуіне ықпал ету.      10.10.2022 ж
"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА"
05
октябрь
2022
"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА"
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әлеуметтік дамыту бөліміне қарасты N22 Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-Қазан Халықаралық қарттар күніне орай "ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА" атты тақырыбында және "мүмкіндігі шектеулі кісілерді әлеуметтік қорғау күніне" әлеуметтік қорғау шараларының мектепішілік іс-шара жоспарын сәйкес 5-6 сынып оқушылары Жас қолғанатын тобымен бірлесіп мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Журинбаева мен мектеп тәлімгері Н.Жаманшаева мүмкіндігі
"Дублер" апталығына мектеп парламентінің қорытынды іс шарасы болатын.
04
октябрь
2022
"Дублер" апталығына мектеп парламентінің қорытынды іс шарасы болатын.
"Қ.Аманжолов атындағы N 22 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4 қазан күні Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешті ұйымдастырған 10-11 сынып оқушылары. Бұл іс шара "Дублер" апталығына мектеп парламентінің қорытынды іс шарасы болатын.  "Ұстаз - ұлы тұлға" атты бұл мерекелік кешке барлық сынып белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кешті ашып беру үшін мектебіміздің директорды (м.у.а) Гулбану Жумабекова сөз сөйледі. Тізіліп әнұран
Дублер сабақтары.
04
октябрь
2022
Дублер сабақтары.
"Қ.Аманжолов атындағы N 22 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Дублер апталығында жоспарға сәйкес оқушылар бір күндік сабақ өтті. Парламент мүшелері өздеріне ұнаған пәндерді бөлісіп, жоспар бойынша мұғалімдердің орнына сабақ өткізді.  10 және 11 сынып оқушылары сабақ өту барысында көрнекіліктер дайындап, қысқа мерзімді жоспар жазып келді. Ал мектеп директоры лауазымындағы Баубек Рамазан сабақтың жоғары деңгейде өтуін қадағалады. Пән мұғалімдері сабақты тамашалап қана қоймай
"Love and explore English Language'' атты ағылшын апталығының ашылуы
03
октябрь
2022
"Love and explore English Language'' атты ағылшын апталығының ашылуы
"Қ.Аманжолов атындағы N 22 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазан айының 03-07.10.2022ж. күні аралығында өтетін, "Love and explore English Language'' атты ағылшын апталығының ашылуы сән салтанатты болып қызықты өтті 9 сынып оқушылары Жалғас Г. Қарсыбай Р Түрекеш Ү. Қойылымдық диолог құрды.Ағылшын тілі мұғалімі А.Қамбарбеков апталықтың ашылуын ұйымдастырып, оқушыларға апталықтың өту барысында сайыс сабақтарға шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуын түсіндіріп өтті.
"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА"
01
октябрь
2022
"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА"
" N22 Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 Қазан күні қарттар күні мерекесін  атап өтті. "ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке ауыл қарттары, ардагер ұстаздар арнайы шақырту қағазымен шақырылды.        Іс шарада белсене қатысқан оқушылар Әже, Ана туралы ән шырқады. Басқа да өнерлерін көрсеткен мектеп оқушылары ардагерлерімізге құрмет көрсетті. Арнайы ат басын бұрып келген қарттарымызға мектеп ұжымы сый- сыйапат ұсынды.