"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА" » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2022

"ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА"

" N22 Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 Қазан күні қарттар күні мерекесін  атап өтті. "ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНА" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке ауыл қарттары, ардагер ұстаздар арнайы шақырту қағазымен шақырылды.
       Іс шарада белсене қатысқан оқушылар Әже, Ана туралы ән шырқады. Басқа да өнерлерін көрсеткен мектеп оқушылары ардагерлерімізге құрмет көрсетті. Арнайы ат басын бұрып келген қарттарымызға мектеп ұжымы сый- сыйапат ұсынды.
Көңілді отырған қарттарымыз мектеп оқушыларына және мектеп ұжымына ақ тілектерін айтты.
 -Өсіп өркендеңдер, биік шыңдары бағындырыңдар. Зейіндерің ашылсын. Талантты, тәрбиелі, білімді ұрпақтарымыз көбейеді берсін- деп, бата берді Адебаева Рая апамыз. 
Мектеп ұжымы дайындаған дастарқаннан дәм татып, жастық шақтарын есіне алған ардагерлеріміз, көңілді отырыс үшін алғыстарын білдірді.