«Әлем математика тілімен бейнеленген» » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2022

«Әлем математика тілімен бейнеленген»

Мектебімізде 10-14 қазан аралығында 5-11 сынып оқушыларымен бірге математика пәнінен «Әлем математика тілімен бейнеленген»  атты пән  апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар талапқа сай өтті, соның ішінде ашық сабақтар, сыныптан тыс интеллектуалды сайыстар өткізілді. 
       Апталықтың негізгі мақсаты: Оқушыларға  математика пәнінің маңыздылығын, барлық ғылымның бастауы екендігін,күнделікті өмірмен байланыстылығын түсінуіне ықпал ету.
     10.10.2022 ж  бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді. Жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді, қабырға газеттері шығарылды. Жоспар бойынша математика пәнінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.