Хаттама » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Хаттама

Қ.Аманжолов  атындағы   №22  жалпы  орта   мектебі  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі.


Кезектен  тыс   өткізілген педагогиклық   кеңестің  отырысы. (қашықтан)

Хаттама №


Мектеп   директоры:  Д.Әбдіғали

Хатшы:                    Ф.Торгаутова


Қатысты: 45  педқызметкер


Қаралатын   мәселе:      

  1. Жазғы  мектепті        ұйымдастыру тәртібімен таныстыру.


Жиналыс барысы:

Тыңдалды:

Жиналысты  мектеп   директоры Д.Әбдіғали  өз   сөзін  педкеңестің   қазіргі   жағдайға

байланысты  санитарлық  талаптарды    ескере отырып, қашықтан  өткізілетіндігін  ескертті. Бүгінгі  қаралатын   негізгі  мәселе  «Жазғы   мектептің»  тәртібімен  таныстыру,   ұйымдастыру  туралы  екендігін хабарлады.

      Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2021 жылғы 12 мамырдағы   №05/1997 хатына және  Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің  14.05.2021-ғы № 02/974 шығыс хаты сәйкес  а.ж 26 мамыр – 19 маусым аралығында шектеу шаралары кезеңінде оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылатын Жазғы мектептер жұмысын санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, тиімді ұйымдастыру бойынша төменде  көрсетілген жұмыстар  атқарылуы тиіс екендігін хабарлай  келе,  слайдпен   таныстырды. Негізгі  жұмыстың  барысында    ұйымдастыру  қажет:

  1. Жазғы мектептерді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау;
  2.  Ата-аналармен және  педагогикалық ұжыммен жиналыс өткізіп,  Жазғы мектеп талаптарын жан-жақты түсіндіре отырып, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсыру. 
  3. Пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтарға диагностика  жасап, диагностика қорытындысы ата-аналарға жеткізу;
  4. Жазғы мектепте   білім алатын оқушылар мен сынып-комплектілері, мұғалімдер саны анықталып,  оқу пәндерінің тізімі, сабақ кестесі дайындалып, уақытша сынып журналдарын әзірлеу;

Шығып  сөйледі:

 Оқу   ісі   жөніндегі  орынбасар   З.Максутова  шығып  сөйледі:

       Мектебіміз  2   ші  тоқсаннан  бастап   бастауыш  сыныптар  кезекші   сыныпта,  бітіруші  9, 11   сыныптар  аралас  форматта  оқыды. Ал 3 ші   тоқсаннан  бастап   барлық   сыныптар дәстүрлі  форматта оқыды.Соның  ішінде  жаңа   мектептің  құрылыс  жүруіне байланысты 3  сыныптар   дәстүрлі  оқуға  қамтылмай   қалғандығын   да  айтып  өтті.

      Қашықтан   оқу  кезінде оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылатын  Жазғы мектепке  барлық  сыныптарды   қамту  керек  екендігін ескертті. Ол үшін  пән   мұғалімдері  үлгерімі  төмен   оқушыларға  диагностикалық  талдау   жүргізіп, оны  ата - аналарға  хабарлап, жазғы  мектепке қамтылу керек  екендігін   сынып жетекшімен  бірге  жеткізу керек. Сол  бойынша сынып   комплекті,  пәндер  тізбесі, пән   мұғалімдер саны,  сабақ кестесі  түзілетіндігін   ескертті.

Жазғы  мектепте:   

   Санитарлық  талаптар   қатаң  орындалу қажет. 


 

Оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар

 және т. б.

Үйге тапсырмалар берілмейді

 





 


Сабақ жүргізгені үшін педагогтерге қосымша қаржыландыру талап етілмейді

Педагогтар ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктеме аясында жұмыс істейді

Кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі.

 




Шығып  сөйледі:

Бастауыш   сынып  ӘБ  жетекшісі   Э.Акназарова  «жазғы  мектеп»  көңілге   қонымды іс  екендігін  айта   келе,  мұндада  ата-ана   өтініші  маңызды  екендігін,   ауыл  ата-аналарына  түсіндіру   жұмысы  дұрыс  болу   керектігін  сөз етті.


      Мектеп  директоры   Д.Әбдіғали  өз  сөзін   «жазғы  мектепті»   ұйымдастыруда  сынып   жетекшілері  мен  пән   мұғалімдерінің  біргелікте  жұмыс   атқару  керектігін   ескертті.


Шешім:

1.Жазғы   мектептің  талаптарын  ата аналарға    таныстыруда  сынып  жетекшілер   мен  пән  мұғалімдері   біргелікте  жұмыс  жүргізсін.

2.Пән   мұғалімдері  үлгерімі  төмен   оқушыларға  диагностикалық   талдау жүргізсін.Оқушы  тізімі   жасалсын.

3.Сынып комплекті   мен   пәндер  тізімі,  сабақ   кестесі  жасалынсын.

4.Атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді қосымшаға сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамырына  дейін  адами әлеуетті дамыту бөлімінің roo_bigoziyev@mail.ru  электронды поштасына жолдансын.