Деңгене » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2024

Деңгене









и ещё 23


 

Қазақ халқының өмірінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың алатын орны ерекше мәнге ие. Бұл баға жетпес қазынамыз. Халық мәдениетінің коды. Қазақ мың өліп, мың тірілген, тарихи кезеңде не бір зұлмат мен тағдырды кешкен замандарда ізі өшкен, ізі жоғалмаған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бірінің есінде, бірің білмейтіні әлі күнге дейін белгілі. Алайда қазыналы қарияларымыз өздері көрген ұлт мәдениетін сақтауда ерекше рөл атқарып келе жатқаныны белгілі. 
Жаңажол ауылдық округі, Өргебас ауылы, №22 жалпы білім беретін орта мектебінде "«Деңгене» атты  салт-дәстүрді насихаттайтын тәрбиелік іс шарасы өтті. Іс шараны өткізуге ауылдық округтің әжелер кеңесі, ауылдық округінің мәдениет клубы мен жалпы орта білім беру мектеп қызметкерлері мен оқушылары, өнерпаздары,ауыл тұрғындары мұрындық болды. Осы іс шараға Жаңажол ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Наурызбаев, әкімі аппаратының әлеуметтік, мәдениет және спорт саласы бойынша бас маманы Ғ.Көбегенов, ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Мұғалбеков пен ауылдық округі ұстаз ардагері Ж.Саттаров, аудандық әжелер кеңесінің мүшелері қатысты. 
       Іс шарада «Деңгене» атты ұмыт болған салт-дәстүр көрінісі түрінде қойылым көрсетілді. Шалғай ауылдан келген екі жігіттер көрші ауылға келіп, «Деңгене жеуге келдік» - деп жолдағы шаңыраққа бас сұғып, құтты қонақ болады. Деңгененің шартына сәйкес, қонақтар бір қойдың етін жеп тауысу керек, егер сыннан өте алмаса, құнына екі бас қой беріп кетеді. 
Қойылым көрінісі үй егесінің сынан сүрінген екі жолаушының екі бас қойды атап кетуімен аяқталады. Іс шара соңында өнерпаздар мен оқушылар домбырамен өнер көрсетіп, ән шашу арналды. Қорытынды ретінде қатысушы қонақтар пікірін айтып, соңы іс шараға белсене қатысқандарды Жаңажол ауылдық округінің әкімі Марат Есенұлы Тұранов атынан алғыс хаттар табысталды.