Бұйрық жазғы мектеп » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2021

Бұйрық жазғы мектеп

Қ.Аманжолов  атындағы №22 жалпы орта мектебі коммуналық  мемлекеттік мекемесі


Бұйрық №43-н/қ

Өргебас ауылы                                                                                                            / көшірме/                                                                                                                           

14.05.2021 ж


«Жазғы мектеп жұмысын 

ұйымдастыру туралы»


        Мақтаарал  ауданының  адами  әлеуетті  дамыту  бөлімінің  14.05.2021-ғы № 02/974 шығыс хатына сәйкес  

Бұйырамын:


1.2021  жылғы  26 мамыр – 19 маусым  аралығында  шектеу  шаралары кезеңінде  оқушылардың   білімінде    жіберілген   олқылықтардың   орнын толтыру    мақсатында   ұйымдастырылатын    Жазғы   мектеп  жұмысын  санитарлық   талаптарды  қатаң  сақтай   отырып, тиімді   ұйымдастыру  бойынша   төмендегі   жұмыстар  атқарылсын:


1.1. Мектепте  жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары   жасалып,   бекітілсін.

1.2. Ата-аналармен  және   педагогикалық   ұжыммен   қашықтан  жиналыс өткізіп,  жазғы мектеп  талаптарын   жан-жақты   түсіндіру    Г.Жумабекова мен  З.Максутоваға   жүктелсін.

1.3. Мектепте  сыныптарда   үлгерімі  төмен  оқушылардың   біліміндегі   олқылықтарға   диагностика   жасап,  диагностика   қорытындысын   ата-аналарға   жеткізу,  ата-аналар өтінішін  жинақтау    пән   мұғалімдері    мен    сынып    жетекшілерге   жүктелсін.

1.4. Жазғы мектепте   білім  алатын оқушылар  тізімін   жасау  және  уақытша   сынып   журналдарын   әзірлеуді    сынып  жетекшілеріне   жүктелсін. 

1.5. Бірлескен  қысқа   мерзімді  сабақ  жоспарларын   құру   пән   мұғалімдеріне  жүктелсін.

1.6. Сынып-комплектілері, мұғалімдер  саны  анықталып,   оқу  пәндерінің  тізімін,  сабақ  кестесін   дайындау    З.Максутоваға  жүктелсін.

2. Атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді қосымшаға сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамырына  дейін  адами әлеуетті дамыту бөлімінің roo_bigoziyev@mail.ru  электронды поштасына жолдау  З.Максутоваға жүктелсін.

3.Осы   бұйрықтың  орындалуына  бақылау   жасауды   өзіме қалдырамын.





Мектеп  директоры:                                              Д.Әбдіғали













«Бекітемін»

Мектеп  директоры:

Д.Әбдіғали


Мектепте   2020-2021  оқу жылында   26 мамыр - 19 маусым аралығында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру  мақсатында ұйымдастырылған жазғы  мектептің  іс-шара   жоспары.


Жұмыстың  мазмұны

 мерзімі

жауапты

Жинақталатын құжат 

1

Ата-аналармен  және      педагогика

лық  ұжыммен      жиналыс  өткізу,  жазғы     мектеп  талаптарын  түсіндіру     жұмыстарын   жүргізу.

4-6 мамыр

Мектеп директоры, орынбасарлар.

Сынып жетекшілер.

Хаттама 

2

Ата- аналардан  өтініштерін     жинақтау.

10-11 мамыр

Сынып  жетекшілер

Өтініш, қол хат

3

Жазғы  мектептің  жұмыс жоспарын  жасап     бекіту.

13 мамыр

ОІЖО 

Жоспар 

4

Сынып  пен  оқушылардың   тізімін     жасау

13 мамыр

Пән  мұғалімдері, сынып  жетекшілер

Тізім 

5

Оқу  пәндерінің,   жазғы  мектепте     сабақ  беретін  мұғалімдердің  санын анықтау

17 мамыр

ОІЖО 

Тізім 

6

Сабақ  кестесін,  қоңырау     кестесін  жасау

18 мамыр 

ОІЖО 

Кесте 

7

Бірлескен  қысқа     мерзімді  сабақ  жоспарларын     құру 

 14-18 мамыр

Пән  мұғалімдері 

ҚМЖ

8

Уақытша     сынып  журналын   әзірлеу

24 мамыр

Сынып  жетекшілер 

Уақытша журнал

9

Сабақ     өтілетін   кабинеттерді  дайындау.

24 мамыр

Сынып  жетекшілер 

Кабинет 

10

Санитарлық     талаптарды  сақтай  отырып     кезекшілікті  бекіту.

21 мамыр

ТІЖО

кесте

11

Жазғы мектептің барлық қатысушыларына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беру.

(кіре берістегі температураны күн

делікті өлшеу, маскалар қолды жиі

жуу, бөлмелерді ылғалды сүрту,  желдету, кварцтау)

Жұмыс  барысында

Мектеп  медбикесі


Нұсқаулық, кесте.

12

Жұмыстың     барысына,  нәтижесіне  бақылау     жүргізіп  отыру.

Жұмыс  барысында 

Әкімшілік 

-



Дайындаған:                            З.Максутова 



Похожие публикации:

19 октябрь 2017 Қамқоршылық кеңес