Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
23
январь
2021

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Өргебас»ауылы 23.01.2021 ж

Қамқоршылық кеңесінің жоспардан тыс өткізілген жиналысының
Хаттамасы

Өтілген орны:Қ.Аманжолов №22 ЖОМ.КММ
Өтілген уақыт:сағат 12:00
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңес төрағасы:А.Биболов
Қамқоршылық кеңес мүшелері:9
Мектеп директоры:Д.Әбдіғали
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Г.Жумабекова
Ата-аналар комитетінің төрағасы:Б.Шоғаев
Хатшы:А.Журинбаева (әлеуметтік педагог)
Күн тәртібінде:

1.Атаулы әлеуметтік көмек алатын және мемлекеттік бюджеттен ыстық тамақ ішетін отбасы балаларына мемлекет тарапынан берілетін көмек туралы.

Тыңдалды:Д.Әбдіғали(мектеп директоры)өз сөзінде,атаулы әлеуметтік көмек алатын 32(отыз екі)оқушы,мемлекеттік бюджеттен тегін ыстық тамақ ішетін10(он) оқушыға мемлекет тарапынан жемпір берілетінін айтып өтті.
Сөйледі:А.Биболов(қамқоршылық кеңес төрағасы)жарыс сөзге шығып,берілетін жемпірді ауданнан әкеліп тарқату үшін,әлеуметтік педагог Журинбаева Айткул апайдың қасына жәрдем беру үшін Қамбарбеков Арман ағайды қосып беруді жәнеде көлікпен қамтамасыз етуіміз керектігін айтты.
Сөйледі:Б.шоғаев(ата-аналар комитетінің төрағасы)осы жоғарыдағы айтылған балалардың нықты размерлерін сынып жетекшілер WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы анықтап,әлеуметтік педагог А.Журинбаева апайға беру керектігін айтты.

Жиналысқа қатысушы тұлғалар карантин режимін сақтап отырды.
Жиналыс төмендегіше шешім қабылдады.
Шешім:

1.Атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушыларға және бюджет есебінен тегін тамақтанатын оқушыларға жемпірге Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серикбаевқа сұраныс беру мектеп директоры Д.Әбдіғалиға жүктелсін.
2.Жемпір келген уақытта әлеуметтік педагог А.Журинбаева оқушыларға таратқаны туралы АКТ жасалып,ата-аналарға қол қойдырып алынсын.


Қамқоршылық кеңес төрағасы: А.Биболов
Хатшы: А.Журинбаева
(әлеуметтік педагог)

Похожие публикации:

19 октябрь 2017 Қамқоршылық кеңес
05 март 2021 ҰБТ