Қамқоршылық кеңесі хаттама » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесі хаттама
13
декабрь
2018

Қамқоршылық кеңесі хаттама

Қ.Аманжолов атындағы № 22 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы
«Өргебас» ауылы 13.12.2018жыл
(көшірмесі)

Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңес төрағасы; Н.Алимбеков
Қамқоршылық кеңес мүшелері – 8,
МДОІЖО- Максутова З.
Хатшы –А.Журинбаева.

Күн тәртібінде:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» бойынша түсіндіру жұмысы. (Н.Алимбеков)
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын» түсіндіру жұмысы (З.Максутова)

Тыңдалды: Н. Алимбеков (кеңес төрағасы) өз сөзінде;«тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді: 1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; 2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; 3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); 4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; 5) қайырымдылық жасаушылар – деп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын таныстырды.
Жарыссөз: Г.Камбарбекова (қамқоршылық кеңес мүшесі) жарыссөзге шығып; Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі туралы айтып өтейін деп, Қ.Аманжолов № 22 жалпы орта мектебінде Қамқоршылық кеңесі:
- білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
- білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
- қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
- қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
- білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
- тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
- орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
- білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
- білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
-білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Жарыссөз: А.Биболов (қамқоршылық кеңес мүшесі) өз сөзінде; «Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібітуралы айтып өтсем деп, Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.
Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.
Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.
-Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.
-Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.
-Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Қазақстан Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысуға жіберіледі.
- Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.
-Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.
-Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
-Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
-Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.
-Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
Жарыссөз: Н.Алимбеков (кеңес төрағасы) сөзге шығып, кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары туралы баршаңыздар хабардарсыздарма ? (деп сұрақ қойды, барша мүшелері білеміз деп бірауыздан айтты.)
Тыңдалды: Екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Максутова өз сөзінде; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары туралы түсіндіріп өтті. Мектеп директорлығын сайлау бойынша құжаттарды өткізу, өтінім беру тағы басқада құжаттарды дайындау туралы айтып өтті.
Жарыссөз: Г.Камбарбекова (қамқоршылық кеңес мүшесі) жарыссөзге шығып; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» бойынша 4-тарау қамқоршылықкеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі бойынша 20 бөлімінде көрсетілгендей Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылатынын айтып ескертті. (Жиналысты растайтын фотосурет 1-қосымшада)

Қаулы:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» бойынша түсіндіру жұмысы жоғары дәрежеде түсіндірлді деп есептелсін.
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Максутова түсіндіру жұмыстары жақсы деп есептелсін.

Қамқоршылық кеңес төрағасы:Н.Алимбеков
Кеңес мүшесі:Б.Шоғаев
Кеңес мүшесі:Е.Төлеген
Кеңес мүшесі:Г.Камбарбекова
Кеңес мүшесі:Н.Асилова
Кеңес мүшесі:Ж.Көбеев
Кеңес мүшесі:М.Есенбаев
Кеңес мүшесі:А.Биболов
Кеңес мүшесі: А.Тұрсынбекова
Хатшы:А.Журинбаева

Похожие публикации:

19 октябрь 2017 Қамқоршылық кеңес