16
октябрь
2022
"Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел"
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N22 Қ.Аманжолов Жом кмм 16-қазан күні 1-11сынып білім алушыларының ата- аналарымен "Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Гулбану Жумабекова ашып,
Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты онкүндіктің жоспары құрылып, жоспарға сәйкес іс шара өткізіліп жатқандығын ескеріп өтті.Родителям отбасы құндылығын түсіндіре отырып, 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы N836 (IX) резолюция қабылдап, барлық елдерге 1956 жылдан бастап Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін атап өтуді және оны бүкіл әлемдегі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс- шара екендігі, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қараша. 1959жылы Бас Ассамблея Бала құқықтары туралы декларация қабылданды. Құжат 10 негізгі қағидаларды біріктіріп,"балаларға бақытты балалық шақ беруді" негізгі мақсат етіп жарияланғаны туралы айтылып, балалардың денсаулығына өміріне қамқорлық жасап,қорғауға міндетті екендіктері туралы өзара пікір алмасты .Сондай -ақ, ДТІЖО Р.Примкулова ата - аналарға " Бақытты бала, бақытты ана- бақытты отбасы", География пәні мұғалімі Ұлжан Қалауқызы " Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында баяндамалар оқып, бала құқықтарына байланысты видео роликтер көрсетілді. Жиналыс соңында өзін - өзі басқару ұйымының парламент мүшелері 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ата -аналарға ән айтып, өлең оқып көңіл - күйлерін көтеріп, ата - аналардың жылы лебіздері мен тілектерімен аяқтады.
и ещё 9