20
ноябрь
2020
"Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ"
"Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, ата-аналармен оқушылар үшін тақырыптық стендтер рәсімделіп, жаңартылды.Зорлық зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақша мектеп фоесіне ілінді.Мектеп педагог-психологтары А.Журинбаев мен А.Бектановалар "Әр бала зорлық зомбылықсыз балалық шаққа құқылы" тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізді.18-қараша күні қашықтықтан "Бақытты отбасы","Зорлық зомбылыққа төтеп берейік" тақырыптарында 8 ә сынып жетекшісі З.Байкөбекова мен 10 ә сынып жетекшісі А.Байтұяқовалардың ұйымдастыруымен сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында эссе жазды. Сынып жетекшілер онлайн форматта Республикалық , облыстық және аудандық телеарналарда бақытты балалық шақ және құндылықтарды насихаттайтын жағымды бейнетаспалардың көрсетілімін ата-аналар чатына тастады