" Кел, балалар, оқылық!"
Қ.Аманжолов атындағы N22 , жалпы орта мектебінде 22 қазан Кітапханашылар күніне кітапхана меңгерушісі Арынова Б. және Бастауыш сынып мұғалімі Жадыра Алмұратова апайдың ұйымдастыруымен кітапханада Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармаларын таныстыру барысында 4 сынып оқушыларымен бірге " Кел, балалар, оқылық!"атты іс шара өткізілді.Мақсаты: Алғашқы ұстаз,ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын таныстыру.Әңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.