Информатика апталығына жоспар талдау. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
22
октябрь
2022

Информатика апталығына жоспар талдау.

Мектептің жылдық өндірістік жоспарына сәйкес 17.10-22.10.2022 жыл аралығында информатика апталығы болып бекітілген. Апталықтың жоспары жасалынып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Жоспар бойынша барлық аталған іс-шаралар өз уақытында орындалды.
18.10.2022 жылы күні «Жаңа ғасыр-жаңа технология» атты апталықтың ашылуы болып өтті. Апталықтың ашылу барысында жоспар бойынша өтетін іс-шараларды оқушыларға түсіндірілді.
19.10.2022 жылы күні информатика пәні мұғалімі Сапаров Қанат «Сурет салу» редакторы бойынша интербелсенді тақтаны пайдаланып 3-сынып оқушыларына эксперимент сабақ өтті. Сабақтың мақсаты 3-сынып оқушылары алғаш рет интербелсенді тақтаны пайдалану болатын. Сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар тақтаны дұрыс пайдалана алды. Сабақ өз мақсатына жетті деп есептелді.
19.10.2022 жылы күні информатика пәні мұғалімі К. Куатбаева Цифрлық сауаттылық пәнінде оқушылардың компьютерді пайдалану барысын бақылау бойынша сабаққа ендім. Жалпы оқушылар жаңа технологиядан бейхабар емес екендігі бірден байқалды. Оқушылар берілген тапсырмаларды өз деңгейлеріне қарай орындап отыр.
20.10.2022 жылы күні «Жаңа ғасыр – жаңа технология» атты апталықтың бұрышына оқушылардың арнайы дайындаған сөзжұмбақ, суреттер, есептер ілінді. Оқушылар өз ойларынан құрастырып келген тапсырмаларды басқа оқушылар қызыға жауабын тауып отырды.
21.10.2022 жылы күні информатика пәні мұғалімі Сапаров Канат 6ә-сыныпқа «Сымсыз желілер» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты оқушылардың Интернет желісі туралы білімдерін, ойларын білу болатын. Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға сабақтың барысы түсіндірілді. Школьникам қосымша тапсырмалар, тест жұмыстары берілді. Көпшілік оқушылар берілген тапсырмаларды дұрыс орындап шықты. Сабаққа бос мұғалімдер қатысты. Дегенмен тақырып қиын. 6ә-сынып оқушылары үшін деңгейлі сұарақтар дайындау арқылы тақырыпты меңгертіп өтті.
21.10.2022 жылы күні информатика пәні мұғалімі К.Куатбаева 9-сынып оқушыларымен «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты тақырыпта пікір-талас (дебат) өткізді. Пікір-таластың мақсаты оқушылар бос уақыттарын интернет желісі арқылы түрлі әлеуметтік желілерге кіріп өткізуіне тосқауыл қою болатын. Интернетті қажет уақытта ғана пайдаланып, басқа уақытта пайдалану қажет еместігі айтылды.
22.10.2022 жылы күні «Жаңа ғасыр – жаңа технология» атты тақырыптағы апталықтың қорытындысы болып өтті. Апталық барысында жақсы қатысқан оқушыларға алғыс хаттар мен марапаттар берілді.
Жалпы апталық барысында атқарылған іс-шаралар мен сабақтарға «қанағаттанарлы» деген баға берілді.