18
октябрь
2022
«Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу»
Математика апталығында жоспарға сәйкес «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу» тақырыбында Нұржігітов С 5 «Ә» сыныпта ашық сабақ өткізді. Бастауыш сыныпта өткен жай бөлшек туралы ұғымдарын кеңейту үшін тақырыпты ашатын көрнекіліктер, оқушының өз бетінше бөлшекті танып-білуіне ықпал жасайтын сұрақтар арқылы аша түсті. Сабақ барысында математикалық диктант, өзіндік жұмыстар ұйымдастырып, жай бөлшектерді оқу мен жазудың дағдыларын қалыптастыруды дұрыс қолданды. Сабаққа енген мұғалімдермен кері байланыс орнатылып, оң баға беріліп, ұсыныс пен тілектерін айтты.