10
январь
2024
«Қаржылық сауаттылық»
Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінде 10.01.2024 жылы 9-10-11 сыныптар аралығында «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты сынып сағаттар өткізілді.
Қаржылық сауаттылықтың не екендігін және оны күнделікті өмірде қалай пайдалануға болатындығын толығырақ талқылайық.
«Қаржылық сауаттылық» түсінігі қаржы саласындағы ықтимал құрал-саймандарды практикада қалай сәтті пайдалануға болатындығын түсіндіруге мүмкіндік беретін білім мен машықтың жиынтығын білдіреді. Соның нәтижесінде адам табысты жинауды, бюджетті сауатты жоспарлауды және шығындарды рационалды жаратуды үйренеді. Экономикада тұрақсыздық болған кезде бұл болашаққа деген сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.
Ақша тауып, оны кез келген тауарға немесе қызметке жұмсауды әрбір адам біледі. Неліктен қаржылық сауаттылық қаржының кәсіби саласына қатысы бар екендігін түсінген өте маңызды.
Егер бір жан-жағымызға қарасақ, жалақыдан жалақыға дейін қиыншылық көретіндердің, қалағанын алмай, капиталды арттыруды қалайтын адамдардың саны көп екендігін байқаймыз. Тағы бір кеңінен таралған ситуация – қарызға алынған қаражатты сауатсыз пайдалану себебінен борышқорлық шұңқырға түсу. Бұған қарамастан шағын ғана қаражат алса да, қаржыны тиімді басқара алатын адамдар да бар екені анық.
Қаржылық сауаттылық неден басталады?
Әрбір адамға қол жетімді қарапайым негіздері келесідей: отбасылық бюджетті бақылау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтары. Оған банктік карточкаларды пайдалану, салымдар бойынша табысты есептеу, кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлік жүктелімді есептеу, ақшалай аударымдарды жіберу, коммуналдық қызметтерді төлеу кіреді. Біз осындай әрекеттерге күн сайын жолығамыз.
Көптеген адамдар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы өзекті болмауы ықтимал, ал кейбір адамдар бұл тақырыппен тіпті айналысуды қаламайды. Өзіне және жақындарына өмірдің жоғары деңгейін қалыптастыруды, ақшаны қалай жаратуды, қосымша табыс табудың көздерін табуды, оны көбейтуді қалаған адам өзінің қаржылық білімін дамытуға тырысады.
Интернет алаяқтықтан сақтану:
Интернет алаяқтықтың тым көбе¬йіп кетуі қоғамдық резонанс туды¬рып отырғаны да белгілі. Қазақ¬стан¬да бұл қылмыс түрінің ең көп та¬ралған тәсілдерінің бірі – интер¬нет¬¬тегі түрлі хабарландырулар бо¬йын¬ша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осын¬дай жолмен жасалған. Екіншісі – микро¬кредиттік ұйымдардың сайттары ар¬қылы онлайн қарыз рәсімдеу. ІІМ мәліметіне қарағанда, былтырғы жылы осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қыл¬мыс жа¬са¬ған. Жиі қолданылатын үшін¬ші тәсіл – азаматтардың жеке дерек¬теріне қол жеткізгеннен кейін банк шоттарындағы бүкіл қаражатты жым¬қы¬ру. «Өкінішке қарай, қарапайым хал¬ық әккілердің тұзағына тез ілігіп қалады. Мәселен, соңғы уақытта өзде¬рін банк қызметкерлері ретінде та¬ныс¬тырып, ауыстырмалы нөмірден қоңырау шалатын алаяқтар көбейді. Әдетте олар өздерін екінші деңгейлі банктің қауіпсіздік қызметіненмін деп таныстырады. Сенімге кірудің тың тәсілін жақсы меңгеріп алған олар азаматтардың есепшотын біреулердің бұзып кірмек болғанын айтып, қауіпсіздік үшін шоттағы қаржыны басқа банк шотына аударуға кеңес бе¬реді¬. Осылайша, бүкіл қаржыны үп¬теп кететіндер көп», дейді поли¬ция полковнигі. «Қазіргі таңда ІІМ интернет алаяқтықтың алдын алу, осындай қылмыстардың жолын кесу мақсатында тиісті ұйымдас¬тыру¬шылық-практикалық шаралар қабылдауды қолға алды. Өткен жылдан бастап киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағ¬дар¬лама іске асырылып келеді. Өңір¬лерде осындай қылмыс түрлерін тер-геу бойынша арнайы жедел-тергеу топ¬тары да құрылды.
Сақтық шаралары және қорғаныс:
• Жеке ақпаратты бергенде абай болыңыз. Құпия сөздер, банк ақпараты немесе несие картасының нөмірлері сияқты жеке ақпаратты ешқашан электрондық пошта арқылы немесе сенімсіз веб-сайттарда бермеңіз. Веб-сайт мекенжайларын тексеріңіз және олардың HTTPS арқылы қорғалғанына көз жеткізіңіз.
• Электрондық хаттар мен сілтемелерді ашқанда сақ болыңы
• Белгісіз жіберушілердің электрондық пошталарын ашпаңыз немесе күдікті сілтемелерді баспаңыз. Әсіресе электрондық пошта немесе сілтеме жеке ақпаратты немесе қаржылық транзакцияларды сұраса, сақ болыңыз.
• Сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Құрылғыларыңызға сенімді антивирустық бағдарламалық құралды орнатыңыз және оны жүйелі түрде жаңартыңыз. Бұл сізді зиянды бағдарламалардан қорғауға және күдікті веб-сайттарға кіруге тыйым салуға көмектеседі.
• Қаржылық операциялар мен есептерді қадағалаңыз. Қаржылық транзакцияларыңыз бен есептерді жүйелі түрде қарап шығыңыз. Күдікті әрекетті немесе рұқсат етілмеген транзакцияларды байқасаңыз, дереу банкке немесе қаржы мекемесіне хабарласыңыз.
• Білім және хабардарлық. Интернеттегі алаяқтықтың әртүрлі түрлерін және өзіңізді қалай қорғау керектігін жақсы біліңіз. Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу бойынша ұсыныстар мен кеңес беретін ресми ақпарат көздеріне немесе мамандандырылған ұйымдарға жүгініңіз.
Қорыта айтқанда, интернеттегі алаяқтық Қазақстанда үлкен қауіп болып табылады, бірақ дұрыс сақтық шаралары мен ақпараттандыру шаралары арқылы сіз өзіңізді және қаржылық мүдделеріңізді қорғай аласыз. Жеке ақпаратты беру кезінде сақтық, сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану желідегі алаяқтықты болдырмаудың негізгі факторлары болып табылады. Бұл мәселемен күресуде білім мен хабардарлық та маңызды рөл атқарады.
Қосымша кестесі:№2
1. ДТІЖО: Р.Примкулова –төрайымы
2. Педагог-психолог: А.Журинбаева -мүшесі
3. Әлеуметтік педагог:-Абдимажитов Д- мүшесі
4. ҚББП педагогы : Абжанова Ж-мүшесі
5. Кәсіптік ББ педагогы: Алдашева З-мүшесі
6. Хатшы: Арынова Б.-мүшесі.
Все реакции:1Нагима Кылышжанова