26
февраль
2021
Ашық тәрбие сағаты
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай 9 сын жетекшісі З.Манахованың қазақтың батыры Б.Момышұлының «Ерлік-ұрпаққа ұран» тақырыбында офлайн ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасын талқылады. Оқушылар шығармадағы әрбір кейіпкерлерге жеке тоқталып, олар өмірдегі шынайы образдар екенін жан - жақты талқыға салды. Бауыржанның әжесі – Қызтумас бейнесін талқыға салып, салт жоралғыны білетін, ел анасы деген тоқтам жасаса, анасы Рәзияның өмірден ерте өткеніне үлкен қынжылыс танытты. Жазушының әпкелері Үбиан, Сәлима, Әлималар да көңілден тыс қалған жоқ. Әсіресе үлкен әпкесі Үбианның ақылдылығы мен даналығы тілге тиек етілді. Атасы Имаштың да өте текті жерден шыққаны өткен өмірінен белгілі десе, әкесі Момыналының орысша хат таныған, зергер, аймаққа әйгілі танымал адам екендігін ортаға салды. Оқушылар әңгімедегі басқа да образдар бейнесін жан – жақты аша білді.
Толық слабовидящихн мына сілтемеден көруге болады:
Толық слабовидящихн мына сілтемеден көруге болады: