Ізденген - жетер мұратқа. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
12
декабрь
2020

Ізденген - жетер мұратқа.

Мақтаарал ауданы  Жаңа жол а/ә  Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта  мектебі.

Максутова З.Б. Бастауыш сынып мұғалімі.

Шығармашылық жұмыс.

Ізденген - жетер мұратқа.

      Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуника-

тивтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуіне, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. 

 Мен  шәкірттерімнің  шығармашылықпен айналысуында оларға серіктес, кеңесші ретінде қолдау көрсетемін. Сонда ғана оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие  болады.Сонымен бірге әрбір сабағымда барынша дайындалып, жан-жақты ізденіп, қазіргі жаңартылған білім мазмұны аясында  педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, шәкірттерімнің бойында төмендегі дағдыларды қалыптастыруға көңіл бөлемін: 

˗ коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларды;

˗өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі;

˗ сыни ойлауы; 

˗ көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап,

талдап, ой қорытындысын жасауы;

˗ алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай

білуі;

˗ оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша

шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдылануы;

-көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруі және оны дәлелдеуі;

-белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі,түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуі, 

-шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруі, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы.

Оқушы  бойында көркем шығарманы сезіммен қабылдап, түсініп, санасында қайта жаңғыртып және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асырса функционалдық сауаттылық қалыптасады.

   Төменде оқушыларымның «Алтын балық» тақырыбына жазған  шығармашылық  жұмысын  ұсынамын.


Абай Қарақат 

     Бірде мен өзеннен алтын балық ұстап алдым.Сонда алтын балыққа тіл бітіп, маған:

-Ей, адамзат, мені қоя берші! Мен сенің үш тілегіңді орындаймын,-деді.

Мен оған: 

-Жарайды,-дедім.

Балық:

-Бірінші тілегіңді айт,-деді.

Мен:

-Менің мектепте ең мықты білімді оқушы болғым келеді,-дедім.

Балық:

-Айтқаның болсын! Енді екінші тілегіңді айт,-деді.

Мен:

-Менің отбасымның ақша жағынан мұқтаждығы болмасын.-дедім.

Балық:

-Айтқаның болсын! Енді соңғы үшінші тілегіңді айт,-деді.

Мен:

-Менің өмірімде еш сәтсіздік болмасын,-дедім.

Балық: 

-Бұл тілегің де орындалды,-деп, суға сүңгіп кетті.

    Күндер, айлар, жылдар өтті.Мен үшін өмір бір сарында өтіп жатты.Мен жалығып кеттім.Сөйттім де өзенге барып алтын балықты іздеп таптым.

Алтын балыққа:

-Алтын балық,менің ішім пысып кетті.Бәрін қалпына келтірші,-дедім.

Алтын балық:

-Жарайды, бұл соңғы рет болсын! -деп кетіп қалды.

     Бәрі қалпына келді.Мен енді білімге өзім талпынып, ақшаны өз еңбегіммен тауып, сәтсіздікке, қиыншылыққа  тап болсам да, мойымай  барлығына өз күшіммен жетуге үйрендім.Сонда ғана адам бақытты өмір сүретінін түсіндім. 


Бақтығұл Іңкәр

   Бүгін мен үшін өте қиын күн болды.Анам қатты ауырып қалды.Дәрігерлер анамды өз аяғымен жүре алмайтынын әжеме айтты.Мен мұны сырттай естіп қалдым.Сол кезде ойыма   анам айтқан «Алтын балық» ертегісі түсті.Мен ол ертегіге қатты сенетінмін.Сондықтан күнде таңертең өзен жағасына барып,алтын балықты күтетінмін.

      Уақыт өте берді.Бір күні әдеттегідей өзенге барып, ау салдым. Ауыма бір кішкентай жылтыраған балық түсті.Менің қуанышым қойныма сыймай, балыққа:

- Қане, сөйлеші,-дедім. Алайда алтын балық тіл қатпады.Бір-екі күн күттім. Алтын балық сөйлемей қойды.Сонда да мен оған сендім.Оған:

-Маған  ешнәрсе керек емес.Тек анам ауыруынан жазылып, жүріп кетсе болды, - дедім. Сөйттім де алтын балықты суға қоя бердім.

    Бір-екі күннен кейін анам орнынан тұрып жүре бастады.Барлығымыз қуандық. Дәрігерлер таң қалды. Мен мұны алтын балықтың ісі екенін іштей сездім.Бірақ ол туралы әлі күнге дейін ешкімге айтқан емеспін. 



Молдақадыр Нұрман

       Менің анамның көзі ауыратын.  «Көз ауыруына балық жесе ем болады» дегенді естетінмін. Аулымызда үлкен өзен бар еді. Досым Ерқанатты ертіп балық аулауға сол өзенге  бардық.Менің қармағыма алтын балық түсті.Ол сөйлей алады екен.Ол маған:

-Мені жіберші, сенің үш тілегіңді орындайын,-деді.

Мен ойланып тұрып, Ерқанаттан ақыл сұрадым.Ол:

-Өз домішіңнің қамын ойла,-деп айтты.

      Мен алтын балықтан анамның сауығып кетуін, өмір жасының ұзақ болуын, Ерқанатпен айрылмастай дос болуды сұрадым.

   Кешке үйге келдім. Анам сауығып кетіпті. Мен алтын балыққа және досым Ерқанатқа рақмет айттым.