20
март
2025
Армысың, Әз-Наурыз!
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн.
Мерекеде әуелеген әндер шырқаған әншiлер мен мың бұралған бишілер Наурыз мерекесінiң ажарын аша түсті.
"Алда келе жатқан 22 Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Айтылған барлық тілектер, ақ баталар қабыл болсын. Өрісіміз малға, шаңырағымыз жанға толсын"-деп мектеп басшысы Гулбану Жумабекова көпшілікке өз тілегін білдірді.
Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке тiлеймiз!
Наурыз құтты болсын!