«Көрісу күні – Амал мерекесі» » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2024

«Көрісу күні – Амал мерекесі»

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты "№22 Қ.Аманжолов жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 14-23 наурыз аралығында өткізілетін «Наурызнама» атты онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 14 наурыз күні «14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлеріміздің бірі Амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.
Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні мектеп ұжымы бір-бірімен төс қағысып, «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын» деп бір-біріне жақсы тілектерін айтып, көңіл–күйлерін көтеріп, сыйластық қарым–қатынастары арта түсті. 
Мектеп оқушылары «Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында дәстүр бойынша жасы үлкендермен көрісу дәстүрін жалғастырды.
Ұйымдастырушылар.
ҚББ-педагогы. Ж.Абжанова 
Сынып жетекші: Ш.Примкулова Ж.Алмұратова