АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2023

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар! Мен, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№22 "Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры Жумабекова Гулбану Кошербаевна, 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруда және 2023 жылғы жаз айларындағы шомылу маусымында мына жағдайларды ескертемін:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады: түрлі себептермен мектеп қажеттіліктеріне, мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға және бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан  ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатынын;
2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін;
3. 2023 жылдың жаз мезгіліндегі шомылу маусымында ұл-қыздарымыздың қауіпсіздік мәселелерін сақтау тікелей ата-аналардың құзыретінде екенін;
4.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатынын ескертемін.
Құрметті Ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертемін.
Мұғалімдеріміздің, мектебіміздің абыройын биік ұстау - мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты!
Мектебіміздің мерейі үстем болсын! 
Сіздің ұл-қыздарыңыздың оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктері – біз үшін үлкен СЫЙЛЫҚ!
Сіздің кез-келген сұрағыңыз үшін менің телефоным үнемі қосулы және Сізді тыңдауға, жауап беруге барлық уақытта дайынмын. 
Ізгі ниетпен: 
"№22 Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры Жумабекова Гулбану Кошербаевна
Байланыс телефоным: 
+7 7714235155