Ата-аналар жиналысы Хаттама » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2021

Ата-аналар жиналысы Хаттама

Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бітіруші  сыныпқа    өткізген  ата-аналар  жиналысының 

Хаттамамасы  № 2  

13.11.2021 ж. 

Қатысқандар:  Мектеп   директоры – Д.Әбдіғали 
 ДОІЖО:   З.Максутова

ДТІЖО:  Г.Жумабекова

Педагог-психолог:  Бектанова А

Сынып  жетекші: Байтуякова А,  Примкулова Р                              

Ата-аналар:  26

Қаралған   мәселе:
 1.ҰБТ – ның  І  тоқсан   бойынша  қорытындысы  (З. Максутова )

2.ҰБТ – ға  І  кезеңіне  қатысу   туралы  (Д.Әбдіғали)
 
 

Жиналыс барысында:
 1.Тыңдалды:
 

       Қазіргі   таңдағы  жағдайға  байланысты,   ата-аналар  жиналысы  санитаарлық   талаптарды  ескере  отырып    ұйымдастырылды. ДОІЖО  З.Максутова күн  тәртібіндегі  бірінші   мәселе  бойынша  жарты   жылдықтағы ҰБТ-ға  дайындық  жұмыстары   жөнінде  хабарлама  жасады.   

«Биылғы  оқу   жылында  жыл  басында   11 сыныпта  24  бітіруші, екінші  тоқсанда   басында  2  оқушы   келіп,  оқушы  саны    26  болды   Қазіргі   таңда  оның  11-ы   ҰБТ –ы  тапсыруға  25   оқушы  өтініш  беріп   отыр. Оқу  жылы  басында   жоспар  түзілген,    ҰБТ   бұрышы  бар,  ҰБТ – ға   дайындыққа  қосымша  сабақ   кестесі  жасалып,  уағында   жүріп  жатыр. Әр  аптаның   жұма   күндері  тест   алынып, қортындысы  пән  мұғалімдерімен ,  оқушылармен сенбі  күні   бірге   талданып,  қосымша  тапсырмалар   тапсырылады.   

   Сөйледі:  

       Мектеп   директоры  Д.Әбдіғали   қазіргі   оқушылардың  ой –өрісі,  ізденісі  аз   екенін  қынжыла  айтты. Кітапханадан  кітап   алып  оқуға  көңіл   бөлмейтіндігін  айта  келе,   түрлі  әдістемелік,  қосымша   материалдарды  пайдалануға  кеңес   берді. Мектепке  оқуға  барлық   жағдайлар  жасалғанын,   қайталау   сабағы  ретінде   төменгі   сынып  оқулықтарынан  сұрақ   жазылған   билеттер  ұйымдастырылып,  оқушыларды   жалпы  біліммен  қамтып   жатқанын да сөз   етті. Кейбір  ата   ананың  балаға  толық   көңіл  бөлме  жатқандығын да қынжыла  айтып   өтті. Оқу  барысының ІІ  жарты   жылдығында  оқушылар  мен   пән  мұғалімдері  Тәжірибе   алмасу  мақсатында     «Нұрлы   жол»  мектебі  ұжымымен    кездесуді  жоспарлауды  ұсынды.

Сөйледі:

Ата- аналар   арасынан  өз  ойын   білдірген   есболва Г.  мектеп  ұжымының   біршама  жұмыстарын   айтып,   алғысын  білдірді.  Дәстүрлі   сабақтар   оқып  жатқандығы   балаларға  әлде  қайда   тиімді  болғанын  да   жасырмады. Сондықтан   балаларын   барынша  қадағалап   отыратындығын  сөз  етті.. 

 2.Тыңдалды:  

        Күн   тәртібінде  қойылған  екінші   мәселе  бойынша  сөз   сөйлеуге   мектеп  директоры    Д.Әбдіғали   биылғы   оқу    жылында  өткізілетін   ҰБТ – дің  ережесімен   таныстыра  келе,  . Қаңтар айында  бірінші   кезеңде  болатын  ҰБТ – ға    мектебімізде  20  желтоқсаннан   өтініш  білдіретін  оқушыларды  анықтау   туралы   жөнінде  айтып   өтті.


Сөйледі:

        Педагог-психолог   Бектанова А  тестілеуге   тыйым  салынған   заттарды   алып  бармауға,  кіргізуге   әрекет  жасаған  жағдайда   акт  жасалып,  ҰБТ ға кіруге   рұқсат   етілмейтіні  туралы ескертті. Бұл  баланың  психологиясына  кері   әсер  ететіндігін  айта   келе,   осының  алдын   алу  үшін,  ата- аналарға   баланың  өзімен  бірге   тиым салынған  заттарды  апармауын    қадағалауын  тапсырды.

Сөйледі:

         Оқу   ісі  жөніндегі  орынбасар   З.Максутова  әр  оқушыны    ата-аналар  өздері алып  барып,    алып  қайтатындығын  ескертті.


ШЕШІМ:   

1.Оқушылардың үй  жағдайындағы   сабаққа  дайындалуына  жағдай   жасау  және  сабағын   қадағалау  ата-аналардың   жауапкершілігіне  жүктелсін.

2.Тест  қорытындысына   талдау  жүргізу пән  мұғалімдеріне   міндеттелсін.












Жиналыс  төрағасы:                                        /Д.Әбдіғали/

Хатшы:                                                               /Ф.Торгаутова/











Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


 Бітіруші   11-сыныпқа  өткізілген  ата-аналар      жиналысының

Хаттамамасы  № 1  


11.09.2021 ж.

Қатысқандар:  

Мектеп  директоры – Д.Әбдіғали  
 ДОІЖО:   З.Максутова

ДТІЖО:  Г.Жумабекова

Педагог-психолог: Бектанова А

Сынып  жетекші: Байтуякова А,  Примкулова Р                              

Ата-аналар:  23

Қаралған   мәселе:
 1.ҰБТ – ға  дайындық жүргізу.  (З. Максутова ) 

2.ҰБТ – ға  І  кезеңіне  қатысу   туралы  (Д.Әбдіғали)


Жиналыс барысында:
 
 

1.Тыңдалды: 

       ДОІЖО   З.Максутова   қазіргі  жағдайға   байланысты,  санитарлық  жағдайды   ескере  отырып  ата-аналар   жиналысы  ұйымдастырылды.  

       «Биылғы   оқу  жылында  жыл   басында  11 сыныпта  24   оқушы  бар. Қазіргі  таңда  оның  23-і   ҰБТ –ы  тапсыруға  өтініш   беріп  отыр. Оқу  жылы   басында  жоспар  түзілген,     ҰБТ  бұрышы  бар,   ҰБТ – ға  дайындыққа  қосымша   сабақ  кестесі  жасалынды. Әр   аптаның  жұма   күндері   тест  алып,  қорытындысын    сенбі  күні   талданып,   қосымша  тапсырмалар  тапсырылатыны   жөнінде  айтып  өтті.. 

    Балаларды  барынша   үй  жұмыстарынан  босатып,   мұғалім  берген  тапсырмалары    мен  қосымша   жұмыстарына  көңіл  бөлу   керектігін  өтінді.

Сөйледі:   

        Есболова  Г ата-ана биылғы  жылы   балаларды  ҰБТ  ке  дайындауда   кітапшалармен    қалай  жұмыс  жүргізетінін,   тест  кітапшаларын  өз   қаражаттарына  алатындығы  туралы    ата аналарға да   ұсыныс тастады.  Ата-аналар  бір   ауыздан  келісті.

 2.Тыңдалды:  

        Күн   тәртібінде  қойылған  екінші   мәселе  бойынша  сөз   сөйлеуге   мектеп  директоры    Д.Әбдіғали   биылғы   оқу    жылында  өткізілетін   ҰБТ – дің  ережесімен   таныстырды. Қаңтар   айында   ҰБТ   ның   бірінші  кезеңі   болатын    және  оған  әркімнің   ерікті  түрде  қатысуға   болатынын,   сертификат  алып,   қалаған  оқу  орнына   ақылы  оқуға  құжат   тапсыратындығы   жөнінде  айтып   өтті. Сондықтан  балаларды  қатыстыру   үшін  дайындықты  мұғалімдермен   бірге  күшейту  мақсатында   жұмыс  істеу  керектігін   айтып  өтті.

Сөйледі:

Сынып  жетекші  Примкулова Р. тест  нәтижесін    ата аналар   чатына    тастап  отыратындығын,  хабардар   етіп  отыратындығын  да ескертті. 

ШЕШІМ:   

1.Оқушылардың үй  жағдайындағы   сабаққа  дайындалуына  жағдай   жасау  және  сабағын   қадағалау  ата-аналардың жауапкершілігіне  жүктелсін.

2.Тест  кітапшаларын    ұйымдастыру жағы   ата-аналарға  жүктелсін.

3.Тест  қорытындысына   талдау  жүргізу  сынып   жетекшілері  мен  пән   мұғалімдеріне  міндеттелсін. 





Жиналыс  төрағасы:                                         /Д.Әбдіғали/

Хатшы:                                                               /Ф.Торгаутова /





























Похожие публикации:

05 март 2021 ҰБТ