28
апрель
2025
"Мәдени мұра"Ескерткіш-елге мұра,ұрпаққа аманат.
Мақсаты — оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны тану арқылы өз көкжиегін кеңейтуге ықпал ету. Сонымен қатар, Үштөбе қаласының мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара аясында танымдық экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар тарихи ескерткіштер жайлы тың деректермен танысты. Бұл рухани сабақ олардың ел тарихына, мәдениетіне деген құрметін арттырды.