28
апрель
2025
АӘДТ - "Ашық есік күні"экскурсия.
Экскурсия барысында оқушылар әскери бөлімнің құрылымы, жауынгерлік техника, қару-жарақ түрлері және әскери қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Оқушыларға әскери қызметшілердің күнделікті тәртібі, жауынгерлік дайындық барысы мен әскери тәртіптің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери қызметке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында тәжірибелік көрсетілімдер ұсынылды.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Мұндай танысу экскурсиялары оқушылардың ел қорғанысы мен әскери қызметке деген жауапкершілігін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.