"Мамандық білгірлері" » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2023

"Мамандық білгірлері"

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебінде кәсіби бағдар беруші педагогы Замира Алдашева ның  "Мамандық 
білгірлері"  тақырыбында 9-10-11 сынып оқушыларын кәсіби маман иелерімен кездестіріп, сұхбат жүргізді. Кездесудің мақсаты мамандық таңдау кезінде  оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, таңдау мүмкіндіктерін шешу, адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Кездесуге зейнеткер, ардагер ұстаз, бірнеше жыл Қ. Аманжолов метебін абыроймен басқарған ұлағатты ұстаз  Қамбарбекова Гүлжан апай, ұстаздық өмір жолын Қ. Аманжолов мектебінде бастаған, осы мектепте 11 жыл басшылық қызметте болған, қазіргі таңда С. Торайғыров мектебінің директоры Акмурат Акназаров  ағай, мектебіміздің белсенді түлегі, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің грант иегері, қазіргі таңда аудандық әкімшілік аппаратының баспасөз хатшысы Дінмұхамед Аязбеков  шақырылды. Кездесу барысында маман иелері оқушыларға өз ақыл кеңестерін беріп, білім алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Кездесу өте әсерлі өтті.