11
апрель
2025
"12-сәуір Ғарышкерлер күні"сурет байқауы.
Байқаудың мақсаты:
1. Оқушыларға ғарыш әлемі туралы білім беру және қызығушылықты арттыру;
2. Юрий Гагариннің және басқа да ғарышкерлердің ерлігін дәріптеу;
3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын және сурет салу дағдыларын дамыту;
4. Ғарыш саласына деген патриоттық сезімді қалыптастыру;
5.Ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылықты ояту.
Тарихы:
1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин «Восток-1» кемесімен алғаш рет Жер орбитасына шықты. Бұл – бүкіл адамзат үшін үлкен ғылыми және тарихи жетістік болды.
Осы оқиғаны еске алу үшін бұл күн көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, Ғарышкерлер күні ретінде аталып өтеді.
Қазақстандағы маңыздылығы:Қазақстан ғарыш тарихында ерекше орын алады, өйткені Байқоңыр ғарыш айлағы дәл осы елде орналасқан. Бұл — әлемдегі тұңғыш және ең ірі ғарыш айлағы.
Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, және Айдын Айымбетов сияқты қазақ ғарышкерлері де ғарышқа ұшып, елдің мақтанышына айналған.