Таза Қазақсан акциясы.
Акция барысында қатысушылар қоқыс жинап, жасыл желектерді ретке келтіріп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл шара тек тазалық үшін ғана емес, оқушылар мен жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің де жарқын үлгісі болды. Мектеп ұжымы қоршаған ортаны таза ұстау – ұлт болашағына қосылған үлес екенін жақсы түсінеді. Алдағы уақытта да осындай игі бастамаларға қатысуға әрқашан дайынбыз!