Жүлделі орындар » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
19
апрель
2023

Жүлделі орындар

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы "Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дана Бақтығұл   2006 жылы 21 желтоқсанда дүниеге келген. Мектебіміздің үздік оқушысы.  Өзін-өзі басқару ұйымының президенті. 
Дана кішкентай кезінен оқуға құштар, шығармашылыққа деген қызығушылығы жоғары.  5 жасар кезінде   Арай балабақшасында  "Көктем аруы"  сайысында I-орын иеленді.  Дайындық сыныбынан бастап іс-шараларға қатысып,  ақындардың өлең- шығармаларын мәнерлеп жатқа оқитын.  Дана сайыстарға қатысқанда оның өнері,  тіл байлығы,  сөзге шеберлігі бірден байқалатын еді. Өзін-өзі  жан жақты көрсете білетін. Бойындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік,  инабаттылық,  ізеттілік қасиеттерімен мектепішілік қоғамдық жұмыстарда, сайыстарда белсенді.  Дана 8-сыныпта iQanat олимпиадасына қатысып,  аудандық жеңімпаз атанды. 8-сынып республикалық "Абай оқулары" байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды. 9-сынып "Тарих  ата"  республикалық қашықтық олимпиадасында марапатталды. 9-сынып аудандық "Мұқағали поэзия хантәңірі"  тақырыбында өткен мәнерлеп оқу байқауында үздік нәтиже көрсетіп, II-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Тек мектепішілік іс-шаралармен шектелмей,  "Балдәурен"  Республикалық  оқу-сауықтыру орталығындада өз-өнерін көрсетіп,  ата-анасына алғыс хат,   «II-жұлдыз»  балалар, орталық қызметкерлер арасында өткізілген өнер сайысында белсене қатысып,  "Күмбірлеген домбыра" номинациясымен марапатталды.  10-сынып "iQanat Intensive Program"  бағдарламасында белсене қатысқаны үшін марапатталды. "Жалынды жастар-жарқын болашақ"  атты мектеп парламенті президенттерінің арасында өткізілген форумға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.  
Дананың болашаққа деген жоспары айқын.  Арманы асқақ.  Бұданда жоғары жетістіктерге жетіп,  биік белестерді бағындыру.  
Мектебіміздің мақтанышы Данаға алдағы күндерде әрбір ісіне сәттілік тілейміз!