04
декабрь
2020
Марапаттау
Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі әрі директоры Д.Әбдіғали ағайымыз Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды."Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет" - деп, халқымыздың батырыБауыржан Момышұлы айқандай, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, ұжымын ынтымақта басқарып келе жатқан басшымызбен біз әркез мақтанамыз. Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтамыз. Еңбекте толағай табыстарға жетіп, абырой-беделіңіз арта берсін! Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!