14
ноябрь
2022
"Бала және интернет"
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N22 Қ.Аманжолов Жом кмм де 'Ашық есік күні" іс-шарасында педагог- психолог Айткул Журинбаева ның ұйымдастыруымен "Бала және интернет" тақырыбында тренинг сабағы болып өтті.
Мақсаты: Баланың интернет желісінің тигізер жағымды және жағымсыз әсері туралы түсіндіру.
Оқушылардың ата-аналарына кеңес:
Баланы өзіңіз рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз.
Балаға кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойыңыз.
Өзі туралы ақпарат беруде бала ата-анасымен кеңесетін болсын.
Ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек.
Бұл жаста хабарламамен тез алмасатын (мысалы, , Skype) құралдарды қолдануға рұқсат етпеңіз.
Балаңызбен оның ғаламтордағы достары туралы сөйлесіп тұрыңыз.
Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтатын болсын.
Өзі туралы ақпараттың құпиялығын баланың есіне салып отырыңыз;
Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз;
Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек;
Балаңыздың эклекронды поштасымен танысуыңызға рұқсат беруін талап етіңіз;
Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз