Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
» » » Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары
15
май
2024

Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары

Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары
Суда абай болыңыздар! Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ, Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады. 
Шомылу кезінде абай бол.
Мақтаарал ауданы бойынга төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.
- Суға шомылғанда тек жабдықталған жағажайларда және басқа арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылыңыздар ;
- Жүзе білмей тұрып, беліңізден жоғары келетін суға түспеңіз 
- Қатаң түрде балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларының жағалауында қалдырмаңыздар;
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
• шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
Оқушылар мен ата- аналар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізге қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112, 101» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар!