17
май
2024
17- мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Түркістан облысы Мақтаарал Ауданы Білім Бөліміне қарасты " Қ.Аманжолов атындағы N22 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2024 жылдың 17- мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде:
1) Мамыр айы және жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі;
2)Оқушылардың сабаққа қатысуы;
3)Көлік жүргізу мәселесі;
4)Соңғы қоңырауды өткізу;
5)Әр түрлі мәселелер.
5-8, 10 сыныптарда "ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ" пәнінен емтихан тапсырады.
9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттау өтеді.
Аттестаттарды САЛТАНАТТЫ ТАБЫСТАУ ағымдағы жылыдң 12-15 маусым аралығында өтеді.
9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға, сыбайлас жемқорлыққа тыйым салынады.
Родителям жағымды психологиялық треник өткізілді.
24 мамыр күні 1-10 сыныптарда "Білімім -Отаныма" атты сынып сағаттары өтеді. Сынып жетекшілері өз сыныптарымен бірге ағымдағы жылды қорытындылайды.
25-мамыр 11-сыныптар үшін соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы.
Жазғы демалыста оқушылардың өмір қауіпсіздігіне ата-аналардың тікелей жауапты екендігі ескертілді.