А.Құнанбаев "Сабырсыз, арсыз, еріншек" 4-сынып » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
» » » А.Құнанбаев "Сабырсыз, арсыз, еріншек" 4-сынып
10
февраль
2020

А.Құнанбаев "Сабырсыз, арсыз, еріншек" 4-сынып

   Сабақ: әдебиеттік   оқу.

  Мектеп: Қ. Аманжолов.

   Күні: 

  Сынып жетекшісі:  Сансызбаева А.

Сынып: 4 а

Сабақтың тақырыбы:

А.Құнанбаев "Сабырсыз,  арсыз, еріншек"

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен   таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын шуға үйрету,  адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ    ұстауға баулу,  көркем мәтіннен жұмыс істей алу  дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой  қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Сабақ мақсатта

Барлық оқушылар:


Өлеңнің мазмұнын түсініп оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Кейбір оқушылар:

Өлеңді жатқа мәнерімен айта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өлеңнің негізгі идеясын ашады, талдау  жұмыстары жүргізіледі жалпы, жағымсыз  қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйренеді.  Адамгершілік құндылықтарды бағалай біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сабырсыз, алауыз, күндейді, мертігеді, міндейді, көрсеқызар - деген сөздер  туралы мағлұмат алады.

Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Айтылымын жақсартуда ауызша тапсырмаларды орындауда сөйлеу  дағдылары дамиды. Абай өлеңдерінен үзінді оқиды.

Талқылауларға арналған тармақтар:

Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қылықтарды ажырата отырып  талдайды.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Адам бойында қандай қасиеттер болады?

Жағымды қасиеттерге нелер жататытын айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

А.Құнанбаевқа хат жолдау.

Табыс критерийлері


  1. Ұлы ақын А.Құнанбаевтың шығармаларын  біледі.
   2. Өлеңді түсініп оқып, өлеңнің идеясын аша  алады.
   3. Жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажырата алады.

Алдыңғы тақырып

5 мин

Орындалған  арман.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған  жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


Психологиялық ахуал.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Топқа бөлу

1-топ Спандияр тобы.

2-топ Ыбырай тобы.

3-топ Абай тобы.

Топбасшыларды сайлау.

Балалар, бүгін сендерді мына жұлдызшалар арқылы топ басшылар бағалап отырады.

Әдістер арқылы домтапсырмасын сұрау.

1-топ. Іші-сырты әдісі. 

2-топ. Доп лақтыру әдісі.

1.Үлкен той деп қандай тойды айтады?

2.Хамза Қаржасовтың сөзі бұларға неге ұнамады?

3.Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

4. Спандиярдың баласының орнына кім қабылданды?

5.Ыбырай неге ренжіді?

6.Спандиярдың қандай арманы орындалды?

3-топ. Көрініс.   










  Жұлдызшалар.

  Ыбырай,   Спандияр суреттері.



Ортасы






































           Мағынаны тану:

  • Талап,еңбек,терең ой,
  •   Қанағат, рақым, ойлап қой,
  •   Бес асыл іс көнсеңіз 

–  Ал,  кәне балалар, мына тақтадағы өлең жолдарына назар   аударып, сын тұрғысынан ойланып көрейікші.

      2  Бұл кімнің өлеңі: Абай атамыздың өлеңі. 

        Кім осы өлеңді айтып береді?

    1. Абай қай жылы дүниеге келген?
     
2. Абайдың отбасы туралы не білесіңдер?
 
    3. Абай  атамыздың ескерткіштері қай қалаларда                орналасқан?
     4. Ол қай жерде білім алған?
     5. Абайдың  қандай шығармаларын білеміз?
     6. Абай атамыз қай жылы дүниеден өткен?


  3      Олай болса бүгін Абай атамыздың  «Сабырсыз, арсыз,  еріншек» - өлеңімен танысамыз.

  Оқулықтан өлеңді оқып беремін.

Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді   сынап тұр?

- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті,  күншілдікті, міншілдікті,  ұятсыздықты, ойсыздықты,  ұрлықты.

- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға   болады?

- Адамның жағымсыз қылықтары.

.Тақтаға назар аударайық. «Әйнекшедегі»  сөздердің мағынасы тауып көрейік.

  5  Сөздік жұмыс.

  6.Моншақ әдісі.

Өлеңді «Моншақ» әдісі арқылы оқытамын.

   7.Сергіту сәті. «Желсіз түнде жарық-ай» әнін  орындаймыз.

1-топ «Абай» хат     жазады.

2- топ «Жағымды» қылықтар туралы жазады.

3-топ «Жағымсыз» қылықтар туралы жазады.

- Абай аталарын өзінің өлеңдері арқылы  ұрпағын   жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді   мақсат еткен. 

- Ал  енді оқушылар бүгінгі сабағымыздан не  үйрендік, не білдіңдер, қандай  көңіл  күйде,  қандай сезімде болдыңдар, соны білдіру  үшін біз «кері байланыс» жасаймыз.

  Топ басшыларынан топ бағаларын сұраймын.

  Топтың бағасын беремін.

А.Құнанбаев суреті.




  «Абай жолы» романы.







  Кіші плакаттар.













Оқулық, дәптер, қаламсап.













Аяқталуы


Қорытынды:

Міне, біздің шәкірттеріміздің бойына адамгершілік  құндылықтарды жақсы сіңіре отырып, қазақ халқының  салт-дәстүрлерін сақтап, болашақта өз үлестерін қосып, адал  қызмет етіп, мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын жеке  тұлға болуына кәміл сенемін.




Қосымша ақпарат        АКТ


Саралау – Сіз  қосымша  көмек  көрсетуді  қалай  жоспарлайсыз? Сіз  қабілеті  жоғары  оқушыларға  тапсырманы  күрделендіруді  қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді  қалай  жоспарлайсыз?

Пәнаралық  байланыс 

Қауіпсіздік  және  еңбекті  қорғау  ережелері 

АКТ-мен  байланыс 

Құндылықтардағы байланыс


 Деңгейлік тапсырмалар.
 Шығармашылық тапсырмалар.

 Жұлдызшалар  арқылы   бағалау. Мадақтау.

        Қазақ тілі, музыка.

Рефлексия

 Сабақ/оқу мақсаттары шынайы  ма?

Бүгін оқушылар не білді? 

Сыныптағы ахуал қандай  болды?

Мен жоспарлаған саралау  шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде  үлгердім бе? 

Мен өз  жоспарыма қандай   түзетулер енгіздім және  неліктен?


А. Құнанбаев Сабырсыз, арсыз, еріншек – сабағымның  мақсаты шынайы.

 Бүгінгі сабақта оқушылар жағымды және жағымсыз қылықтар туралы   жазып, оны қорғап шықты.

 Оқушылар тақырыпты меңгеруде топтық жұмыс жасады.

 Жоспарланған саралау уақыты тиімді болды.


 Берілген уақытта үлгере алдым.


Келесі жоспарды оқушылардың алған теориялық білімін практикада қолдануын және әдеби кітаптарды көбірек оқуына мән беремін.