Дефектологтың І жарты жылдық жүргізген жұмысының есебі. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(708) 818-43-31
Бухгалтерия
+7(708) 818-43-31
Версия для
слабовидящих
» » » Дефектологтың І жарты жылдық жүргізген жұмысының есебі.
25
декабрь
2021

Дефектологтың І жарты жылдық жүргізген жұмысының есебі.

Қ.Аманжолов  атындағы   №22  жалпы  орта   мектебі  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі.

2021-2022 оқу  жылы

Дефектологтың  І  жарты   жылдық  жүргізген  жұмысының   есебі.


        Қ.Аманжолов   атындағы   №22  жалпы  орта   мектебінде  жыл  басында   мектеп  директорының  бұйрығымен   мектепішілік  психологиялық  медициналық  педагогикалық  консилиум  құрылды.  

Консилиумда педагогтар мен ата-аналар, сынып жетекшілер   тарапынан  ерекше  білім   беруді  қажет  ететін   балалар  тізімін  жинақтау   туралы   шешім  қабылданды. Жоспар  түзілді.

       Қыркүйек   айыныш 1-3   аптасы  аралығында  ерекше білім беруді қажет ететінбалалар мен  оқуда  қиындықтар   кездесетін оқушылардың  танымдық  ерекшеліктерін  және   оқу  әрекеттерін  анықтауда   төмендегі  құжаттар   жинақталды. 

-Балаға   арналған  педагогикалық  сипаттама

-Мамандар   қорытындысы ( дефектолог,әлеуметтік   педагог, педагог-психолог,дәрігер, сынып жетекші, педагог)

       Ерекше   білім  беруді   қажет   ететін  балалардың  жеке   мүмкіндігі  мен  жас   ерекшелігін  ескере  отырып,   түзету   дамыту  сабағына   жіберілді.

Ерекше  білім  беруді   қажет  ететін  оқушылар   тізімі:


Оқушының     аты-жөні

сыныбы

ерекшелігі

Түзету дамыту сабағы

1

Мұхтархан  Мадияр

Дыбыс     айтуда  бұзылыс  бар

топтық

2

Асқарұлы Бағдаулет

Дыбыс     айтуда  бұзылыс  бар

топтық

3

Борихан     Бақберген 

Дыбыс айтуда     бұзылыс  бар

топтық

4

Кубеков Шығыс 

Дыбыс     айтуда  бұзылыс  бар

Топтық

5

Абай  Айназым

Дыбыс     айтуда  бұзылыс  бар

Топтық 

6

Латип Гүлнұр

Психологиялық     дамуы тежелген  

Жеке

7

Базаркан  Жанерке 

Психологиялық     дамуы тежелген  

Жеке 

8

Полат  Жәңгірхан

Дыбыс айтуда     бұзылысы бар  

Топтық

9

Серик Айгерим

Дыбыс айтуда     бұзылысы бар

Топтық

10

Курбанкул Улдана

Дыбыс айтуда     бұзылысы бар

Топтық

11

Сабит Каусар

Дыбыс айтуда     бұзылысы бар

Топтық

12

Сейтов Ералхан

Дыбыс айтуда     бұзылысы бар

Топтық

13

Абсаттар Каусар

Дыбыс айтуда     бұзылысы бар

Топтық

        Консилиумнан   өткен   әрбір  бала   балалар  тіркеу  журналына   тіркелді. Төмендегі  құжаттар  жинақталды:

- Ата-ана  өтініші

- Бала  туралы  жалпы   мәлімет

- Балалардың   педагогикалық  сипаттамасы

- Мамандар   қорытындысы 

          Жеке,   топтық  түзету  дамыту   сабақтарына  сабақ  кестесі   құрылып,  бекітілді. Аптасына   3 рет   сабақ  өтіледі. 

Жеке түзету дамыту   сабағына  20-25 мин

Топтық  түзету дамыту сабағына  35-40  мин

Қазан   айының  басында  ата-аналармен   жиналыс  өткізіліп,  түсіндіру   жұмыстары  жүргізілді. Баламен  тілдесу,  оның   ойын  толық  тыңдау,   сұраққа  жауапты  дер   кезінде  беру,  бала   қанағаттанатындай  етіп жауап  беру   бала  тәрбиесіндегі  қажетті   әдіс  екенін  түсіндірдім.

Сөйлеу   барысында  дыбыстарды  дұрыс   жеткізуде  де  көңіл   бөлу  қажет  екені   айтылды.

   Әр  ата анадан   баламен  қарым-қатынас  туралы   сұрақ  жауаптар  алынды. Кейбір  ата-анамен   жеке  сұхбат  жүргізілді.

Желтоқсан  айында   Топтық  жұмыспен   мектепішілік  ашық   сабақ   өткізілді.  Бастауыш  сыныптың   балалары  барынша  көрнекілікпен   жұмыс  істеуді  ұнатады. Сондықтан  ойындар,   көрнекіліктер  арқылы  өз   ортасында  балаларды  барынша   ойларын    ашық,  емін-еркін   жеткізуге   жетеледім. Дыбыс  айтуда  бұзылысы   бар  оқушыларға  артикуляциялық  жаттығулар, дыбыстарды  айтылуын   зерттеуге  қажетті  суреті   бар  альбомдар, ойыншықтар,  суретті   лото,  жаңылтпаштар,   т.б   қолданылды.

      Қараша  айында   аудандық  дефектологтар  арасындағы   байқауға  қатысып,  өз   тәжірибемді  арттырдым. Жұмыс  барысында   үйренерім  көп  екенін   байқадым.  

        Психологиялық   дамуы  тежелген   балаға   сабақтарда  ойын   ретінде  есте  сақтау  қабілетін,   ойлау қабілетін  дамытуға,  қызығушылығын   арттыруға   «суретті  құрастыру»,   «артығын  тап», «қай түс?» «қай  түспен  сәйкес   келеді?»  т.б. ойындар  ойнатылды. Жұмыс  барысында оқушының  сабаққа   ынтасы  артты.

           Желтоқсан  айында  «Ustaz-mekteptiregi» Республикалық ғылыми-әдістемелік   журналға   өзімнің   іс-тәжірибемді  жарияладым.

     Жалпы  1-4   бастауыш  сыныптарда  13   бала  түзету  дамыту   сабағына  қатысып  отырды. 

Оқушылардан   біршама   түзелу   әрекеттері   байқалады.   Келесі  жарты  жылдықта    бұл   балалар   сабақты  жалғастырады.