Тәрбие Жұмыстары » Страница 7 » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жамбыл жаңа дәуір фильмі
23
январь
2025
Жамбыл жаңа дәуір фильмі
Фильмнің мақсаты- қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын, оның өмір жолын және тарихи тұлғалық мәнін кеңінен насихаттау. Бұл кино туынды Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына және оның ұлтына қосқан үлесіне арналған. Сонымен қатар туынды оқушыларға ұлттық құндылықтарды ұғындыруға, патриотизмді нығайтуға және қазақ әдебиетінің тарихын дәріптеуге бағытталған.  
Мен оқыған бір ертегі.
22
январь
2025
Мен оқыған бір ертегі.
Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру,ертегілер,ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына кітап сүйгіштік сезімді қалыптастыру.Кітаптың мәртебесін көтеру, мән - мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін даму
Ұлттық фильм айлығы."Қыз Жібек"көркем фильмі оқушыларға ұсынылды.
21
январь
2025
Ұлттық фильм айлығы."Қыз Жібек"көркем фильмі оқушыларға ұсынылды.
Қыз жібек" көркем фильмі 7 сынып  оқушыларына көрсетілді. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады.Оқушылар өз түйген ойларымен бөлісіп, қысқаша шолу жасады. #МақтааралАуданыБілімБөлімі
ҰЛТТЫҚ Фильм афлығы "Ахмет Ұлт ұстазы
17
январь
2025
ҰЛТТЫҚ Фильм афлығы "Ахмет Ұлт ұстазы
Ұлт ұстазы Сериалдың негізгі идеясы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек» деген әйгілі сөзіндегі әрекет ұғымы алынып отыр. #АхметҰлтҰстазы
МУЗЫКА АПТАЛЫҒЫ
16
январь
2025
МУЗЫКА АПТАЛЫҒЫ
Мақсаты:  * Білім алушылардың дарындылығын, бейімділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптастыру. * ⁠Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, оқушылардың өнерге деген шығармашылық қабілетін дамытып, білімді, өнерлі, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.  #Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
16
январь
2025
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
Мақсаты:  - Оқушыларды достыққа, әдептілікке тәрбиелеу; - Жылдамдық пен ептілікке дағдыландыру; - Жақсы көңіл-күй сыйлау. Ұйымдастырушы: Мектеп парламенті  “Үзіліс қызыққа толы! Оқушылармен бірге уақытты көңілді өткізу – біз үшін маңызды.   #мектепөмірі #көңілдіүзіліс”
МУЗЫКА АПТАЛЫҒЫ
15
январь
2025
МУЗЫКА АПТАЛЫҒЫ
Байқаудың мақсаты: Әуеннің көңіл күйі мен көркем бейнесін тыңдай отырып,  бейнелеу. Байқауға мектебіміздің 4 а сынып оқушылары  қатысты. Табиғат пен туған жерге арналған әндер мен күйлерді тыңдай отырып,оқушылармен сұхбат жүргізілді. Байқау соңында оқушылардың жұмыстары деңгейіне қарай бағаланды. #МақтааралАуданыБілімБөлімі #апталық
Музыка апталығы
13
январь
2025
Музыка апталығы
Мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, оқушылардың өнерге деген шығармашылық қабілетін дамытып, білімді, өнерлі, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.   Музыка пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен 13.01.2025ж апталықтың ашылуы салтанатына оқушылар мен ұстаздар  арасында музыкалық аспаптардан жұмбақтар, сұрақ- жауап ойындары ұйымдастырылды.
Заң және тәртіп.
10
январь
2025
Заң және тәртіп.
 Бұл айда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында заң және тәртіп құндылықтарын насихаттау мен ұстану айы негізінде іс-шаралар жұмысы атқарылады. Бұл қоғамдағы тәртіпті нығайтуға, заңға бағынушылықты арттыруға және оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды кезең. “Заң және тәртіп” құндылығы. Оқушылардың қысқы демалыс күндерінде өмір, жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында   кешкі 22:00 ден бастап рейд жүргізілді.
Қош келдің,Жаңа жыл.
26
декабрь
2024
Қош келдің,Жаңа жыл.
Мерекелік думанға мектебіміздің директоры Г. Жумабекова қатысып  оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мол бақыт, зор денсаулық, оқуда озат болуға шақырып, барша арман-тілектерінің орындалуына тілектестігін білдірді. Жаңа жыл кешінде Аяз ата мен ақша қардан сыйлық алып, қуанышқа бөленген оқушылар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды.  #қош_келдің_жаңа_жыл #біртұтас_тәрбие_2024