30
апрель
2025
1 Мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – татулық пен достықты дәріптейтін мемлекеттік мереке. Бұл күн – еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың береке-бірлігін, бейбіт тіршілігін, достығы мен татулығын паш ететін ерекше мейрам.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда қазақтармен бірге орыс, өзбек, украин, ұйғыр, татар, неміс және басқа да ондаған ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүруде. Осы ұлттардың бірлігі мен ынтымағы – ел тұрақтылығының негізі.
Бұл мерекеде еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар, концерттер, ұлттық киімдер көрмесі, дәмді тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Балалар мен жастар ұлттық би билеп, ән шырқап, достықты насихаттайды.
Бірлік бар жерде – тірлік бар!
Бұл – еліміздің басты ұраны. Бірлігіміз нығайып, еліміз өркендей берсін!