Мен Құқығымды Білемін-баланы қорғау ақпараттандырудан басталады. » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мен Құқығымды Білемін-баланы қорғау ақпараттандырудан басталады.
01
апрель
2025

Мен Құқығымды Білемін-баланы қорғау ақпараттандырудан басталады.

Назар аударыңыз, балалар! Қазақстанда балалар еңбегін заңсыз пайдаланудан қорғайтын арнайы ережелер бар екенін білесіз бе?
      Мәселен, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге 36 сағаттан артық емес уақыт жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бірақ жұмыс денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіз ортада өтуі және жасөспірімге шамадан тыс ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Сондай-ақ жұмыс жасау үшін ата-анаңның рұқсаты мен келісімінің болуы міндетті.
     Еңбек заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта – сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін жұмыс істеуге, қосымша жүктемемен еңбек етуге, сондай-ақ қауіпті әрі зиянды жағдайларда жұмыс жасауға қатаң тыйым салынады.
      Ата-анаң да бұл ережелерді білуі тиіс, өйткені олар сенің құқықтарыңды қорғап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге көмектесе алады.