05
март
2025
"Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.
«Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу және Рамазан айында жұма намаз, кешкі тарауих намазға ата-анамен бару
керектігін түсіндіру жұмыстарының жиналысы болып өтті.
Мектеп директоры: Г.Жумабекова
ДТІЖО: Р.Примкулова
Педагог-психолог: А.Журинбаева
АӘД –жетекшісі Б.Донаев
Мектеп инспекторы: Н.Нысанбаев
1-11 сынып жетекшілері,
Қаралған мәселелер:
1. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу және Рамазан айында жұма намаз, кешкі тарауих намазға ата-анасымен бару керектігін түсіндіру жұмыстары туралы.
Мектеп директоры Г.Жумабекова сөз алып, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын және түнгі уақытта көшеде, ойын сауық орындарында, тұрғын үй-жайларынан тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз бармауын қадағалау тікелей ата-аналар жауапты екендігін айтып өтті.
Мектеп инспекторы Н.Нысанбаев өз сөзінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу» бойынша оқушыларға қылмыс, құқықбұзушылық балаларды қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын алу,сондай ақ түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орындарында, тұрғын үй-жайларынан тыс жерлерде жүрмеу туралы ескертулер айтып, заң және нормативтік құжаттардан мысалдар келтірді. Оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер жүргізілуде. Балаларға түнгі сағат 22.00-00:00 аралығында көшеде жүрмеу керектігі ескертілді. Ата-аналарға да хабарламалар жіберу туралы айтып өтті.
ДТІЖО Р.Примкулова Рамазан айында мешітке, жұма намазға, кешкі тарауих намазға ата-анасы немесе басқада ересек туыстарымен бірге бару туралы түсіндіру жұмыстары жайлы түсіндірді.